Жаңалық

Апта жаңалықтарына шолу

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылған апта ішіндегі игі шараларға шолу.

Бродвей хиттері

«Астана Опера» театрының Камералық залында тыңдармандар үшін Бродвейлік шоу әлеміне сапар шегудің керемет сәті ұсынылмақ. 27 қараша күні «Мәдениет қайраткері», профессор Г.Құттыбадамованың жетекшілігімен Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Камералық хоры әртістерінің орындауында «Әлемдік рок-опералар мен мюзикл хиттері» концерті өтеді.

Қазақстан мен шетелдің көптеген қалаларында гастрольдік сапармен өнер көрсетіп, айтулы халықаралық додаларда бірнеше мәрте марапатқа ие болған ұжымның орындауында хорға арнайы өңделген бродвейлік мюзиклдер мен рок-опералардың атышулы хит әуендері шырқалады. Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Гүлмира Құттыбадамова.

Мюзикл ең мәнерлі театралдық жанрлардың бірі болып саналады. Сюжет музыкалық, драмалық, хореографиялық және опералық өнердің бірегей үйлесімі арқылы ашылады. Аталған бағыттың гүлденген шағы өткен ғасырдың орта шенімен тұспа-тұс келді. Аз ғана уақыттың ішінде біршама жас сахналық жанр жер бетіндегі барлық тыңдарманның жүрегінен орын алып үлгерді. Мюзикл әндерін орындау мәнері классикалық опералық вокалдан едәуір ерекшеленетінін атап өткен жөн.

Бағдарламада қазақстандық сазгер Ж.Тұрсынбаевтың «Арайлы Астана» әні ұсынылған, сондай-ақ Ф.Лоудың «Моя прекрасная леди», Л.Бернстайнның «Вестсайд оқиғасы», Дж.Кандердің «Чикаго», Дж.Ларсонның «Рента», С.Шварцтың «Злая» (Wicked), «Пиппин», «АВВА» тобының репертуарынан Б.Андерссон мен Б.Ульвеустың «Мамма Мия!», М.Хэмлиштың «Кордебалет» (A Chorus Line), Р.Адлер мен Дж.Росстың «Пижамная игра», С.Робинсонның «Мотаун», Ж.Пресгюрвиктың «Ромео мен Джульетта», Р.Коччантенің «Норт-Дам де Пари» мюзиклдерінен хит әндер шырқалады.

Рок-опера – рок-музыка жанрында құрылған опера. Осы музыкалық-сахналық шығармаларда оқиғалар желісі рок стилінде жазылған  композициялар арқылы тарқайды. Вокалдық партияларды орындайтын солистермен бірге сахнада гитарашылар және өзге де рок-музыканттар болуы мүмкін. Алғаш рет осынау жанр жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарында пайда болған.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына Э.Л.Уэббердің «Иисус Христос – суперзвезда», В.А.Моцарттың музыкасына Д.Аттья, Ж.П.Пило, О.Шультез, В.Руссоның «Моцарт. Рок-опера», А.Рыбниковтың «Юнона және Авось» сынды танымал рок-опералардың хиттері, сонымен қатар Queen тобының репертуарынан Ф.Меркьюридің «Bohemian Rhapsody», Б.Кингтың «Stand by Me» және «Ain’t Now», «We Shall Overcome» т.б. әндер ұсынылады.

«Дін тұғыры және ілім қайнары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

2018 жылы 21 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Маңғыстау облысы әкімдігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көрнекті дінтанушы, қоғам және руханият қайраткері Ержан (Ермұхаммед) хазірет Төлегенұлының мұраларын зерделеуге арналған «Дін тұғыры және ілім қайнары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Жиында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов, Маңғыстау облысының әкімі, заң ғылымдарының докторы, профессор Ералы Тоғжанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан кіріспе сөз сөйлеп, республикалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай құттықтау сөз сөйледі.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ел газеті – «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жиынға қатысушыларды бей-жай қалдырмады: сөз алған Сондай-ақ конференция барысында «Ілімнің бұлағы – тақуалық қайнары» атты хазірет кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, (Б.Нұржігітұлы және игі жақсылар) таныстырылды.

Қоғам және руханият қайраткеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов «Рухани жаңғыру және ержан хазірет тағылымы»; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы «Алаш мұраты және дәстүрлі дін тұғыры»; ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимов «Ержан хазірет мұрасы: парасат пен пайым»; ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айнұр Әбдірәсілқызы «Ержан хазірет еңбектері – ұлттың діни танымы айнасы»; Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзина «Маңғыстау мияттары: сабақтастық мәні»; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «ТҮРКСОЙ» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр «Ержан Төлегенұлының рухани қазынасы: зерттеу міндеттері»; ЕҰУ дінтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кеңшілік Тышхан «Ержан хазірет шығармаларындағы кемелдік»; ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ақжігіт Әлібекұлы «Тұлға және қолжазба құндылығы (Ержан хазірет туындылары бойынша); ЕҰУ дінтану кафедрасының доценті, PhD Сәмет Оқанұлы «Ержан хазірет еңбектеріндегі исламның ғылыми негіздері» тақырыбында баяндама жасады. шешендердің дені айтар ойларын осы мақаламен ұштастырды. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Зейнолла Алшымбаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңба авторы, сәулет профессоры Жандарбек Мәлібекұлы, ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, «Бекет ата» орталық мешітінің бас имамы Смайыл Сейітбек, ақын, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Сабыр Адай, дінтанушы Марат Себасов жарсыссөзге шығып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button