Жаңалық

Салт-дәстүр. Шілдехана

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады.

Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана — өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.

Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады.

«Ұл туғанға күн туады», «Қыз туғанға ай туады» деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса — «атұстар», қыз туса — «көйлек тігер» деп хабарлайды.

Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік калпы тағы аңғарылып тұрған жоқ па!

Осы жерде жаңа туған сәбидің «жолдасы» туралы айтпай кетуге болмайды. Бұрын әжелер баланың «жолдасын» алып, жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс ала алмайтын жерге қастерлеп көмген. «Жолдасты жуған адамға кәде беріледі. Егер «жолдасы» далаға тасталса, әйел ауруға ұшырайды деген сенім бар.

Сол сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың «жолдасын» алып, босанган әйелдің басынан айналдыратын да ырым бар. Сонда келесі бала ұл болып туады деген сенім болған. Халықтың мұндай салт, ырымдарының бәрін жоққа шығара беруге болмайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button