Жаңалық

Уақытты бағала!

Адам баласының ең бағалы құндылығы – уақыт. Өйткені, әр адамға өмірдің өзі белгілі бір межеде өлшеп берілген. Сол себепті де оның қадір-қасиетіне жете білген шарт.

Күн сайын адам баласына сан түрлі мүмкіндік беріледі. Тек уақытын, сәтті кезін тауып пайдалан білсең болғаны. «Әттеген-ай» деріміз бар осы жерде. Біздің қоғамда көп адам алтын уақыттың қадіріне жете бермейді.

Шетелде «тайм-менеджмен» деген ұғым бар. Мағынасы – өз уақытыңды тиімді басқару. Ал қазақ салтында, жалпы қазақ болмысында мезгілдің қатып қалған уақыты жоқ. Барлығы шамамен, жуықтап мөлшерленеді.

«Дедлайн» деген де ұғым бар дамыған елдерде. Көзделген әрекетті белгілі бір уақыт ішінде орындап үлгеу деген мағына береді.

Заман көшіне ілесу үшін осындай құндылықтарды бойға сіңірген абзал. Әйтпесе, барлығына бірдей үлгермей қалуың ғажап емес.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button