Жаңалық

Нақты мақсат – жетістіктің алғашқы қадамы

Мақсатсыз да кез-келген істі аяқтауға, одан бір нәтиже шығаруға болады. Десек те, ол жасаған әрекетіміз түбегейлі үлкен нәтижеге бастамайды.

Сондықтан, кез-келген ісіңді нақты мақсатыңның айналасына ыңғайластыра жүріп істеу қажеттілігі туындайды. Мақсат қойып, сол бойынша тыңғылықты әрі уақытылы жұмыс жасасаң, белгілі бір деңгейде жетістік биігіне көтерілерің анық.

Әрбір іс – сенің үлкен мақсатыңның жолындағы баспалдақтар. Кішкене көлемдегі болса да, кез-келген қызметіңнен нәтиже көруге тырыс. Өйткені, аяғың баспалдақтарға нық қойылмаса, сүрініп кетуің бек мүмкін. Ал бір сүрінсең бірнеше баспалдақтарға кейін шегініп кетесің.

Мақсат қой, жан-тәніңмен оған жетуге асық бол! Сонда ғана сенің тұлғалық болмысың биіктерден көрінбек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button