Жаңалық

Қайтадан бастаудан қорықпа!

Өмірде кез-келген адамның қателесуге құқығы бар. Кемшіліксіз адамның болмайтыны тағы бар. Демек, әрекет барысында сүріну – кешірілмейтін күнә емес.

Қателестің бе? Жасыма! Мойыма! Сүрінсең, сенде әлі мыңдаған мүмкіндік бар. Басыңды көтеріп, еңсеңді тікте де, алға қарай баса бер.

Егер сүрінген жеріңде тоқтап қалатын болсаң, бұл сенің әлсіздігіңді көрсетпек. Барлығын қайтадан бастау – сүрінген адамның ең дұрыс шешімі. Дұрыс шешім қабылда!

Жығылғаныңа кінәлі адамды іздеп, ашуға бой алдырма. Қателестің бе? Онда бұл қателік қалай да болуы керек шешім еді.

Қателік – өмірлік тәжірибелердің ішіндегі ең құндысы. Ал оны ешқашан сатып ала алмайсың. Қателіктен сабақ ал да, бойыңды тікте!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button