Жаңалық

Арман – жарық жұлдыз

Армансыз адам болмасы анық. Арман – мақсатқа айналатын адам санасындағы құнды шикізат.

«Боларды да болмасты, болады деп арманда» деген Мұқағали жырларының шумағы арман күшінің алапат екенін көрсетеді.

Армандай білу керек. Армансыз адам – мақсатсыз, ойсыз адам. Армансыз адам жетістікке жетпек былай тұрсын, басына түскен болмашы мәселелердің түйінін табуға қауқарсыз.

Адам қиялы шексіз дүние. Армандай білген адам ғана өзінің болашағын көз алдына елестетіп, осынау бір кереметке қол жеткізгенше асық болады. Ал жарқын болашаққа деген махаббат адамды жігерлендіре алатын бірегей күштер қатарында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button