Жаңалық

Көкірегің ояу болсын

Қазақта «көзі ашық, көкірегі ояу» деген тамаша теңеу, тұрақты тіркес бар. Осы сөздің астарында қаншама мағына жатыр десеңші!

Адам барлығын көзбен көріп, құлақпен естіп, мида қорытады. Көкірек көзінің ояу болуы сананың ашықтығымен тікелей байланысты.

Көкірегі ояу адам сабырлы, білімдар, байсалды келеді. Ал аталған қасиеттер кісінің тұлғалық бітім-болмысының өзгелерден ерекшеленуіне, ортада сыйлы болуына, мәселелерді байыпты шешуге көп көмек береді.

Көкірек ояу болуы үшін адам білімге ұмтылуы шарт. Білімді адам ғана өмірдің түрлі мысалынан, сынағынан хабардар келеді. Ал бұл тәжірибелер шартты түрде адамның жақсы өмір сүруіне әсерін тигізеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button