Жаңалық

Үйрен!

Өмірге барлық құдіретті танып, өздігінен үйреніп келген ешкім жоқ. Барлығы да жүребара, көріп-біле жүріп, қажетін өз бойына сіңіреді.

Қазақта «Үйрен де, жирен» деген аталы сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Кез-келген нәрсені үйренуден қашпа. Сол үйренгендердің ішінен қажетін ғана таңдауды қалыптастыр.

Адам дүниедегінің бәрін үйреніп үлгермейді. Сондықтан, уақытты босқа кетірмей, өз ісіңе, өз бойыңа қажет істі, қажет қасиеттерді үйренген абзал.

Кісі өз үйренгенін болашақтағы немесе қазіргі уақыттағы ісіне пайдалана алады. Бұл үдерісті кәсіп саласында көбіне «тәжірибе» деп атайды.

Ендеше үйрен! Тәжірибе жина!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button