Жаңалық

Павлодар облысы. 7 үздік жоба

2019 жылы бағдарламаны іске асыруға 2993 іс-шаралардан тұратын 118 жоба жүзеге асырылды. Іс-шараларға 750 178 адам қатысты.

Жылдар бойынша салыстырмалы талдау бағдарламаны іске асыруға тартылғандардың өсу серпінін көрсетеді: 2017 жылы қатысушылар үлесі облыс халқының жалпы санының 75,3%-ын, 2018 жылы 99%-ды, ал 2019 жылы 99,5% құрады.

«Туған жер».

Павлодар облысында бағдарламаның негізгі бағыты – жалпыұлттық патриотизмді, өз жеріне, өңіріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға негізделген «Туған жер» жобасы. Жобаның шеңберінде қазақстандық патриотизм рухында жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы меценаттар есебінен 32 нысан салынып, 18 нысан жаңғыртылды, ауылдар мен қалаларды абаттандыру, әлеуметтік нысандарды қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау бойынша 249 іс-шара өткізілді.

Жалпы 628 млн. теңгеден астам соманы құрайтын 49 қайырымдылық жобасы ұйымдастырылды. Меценаттар мен демеушілердің қатысуымен 46 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылдың маңызды жобасы – «Көрші» жобасы. Жобаның бірегейлігі – тату көршілік қарым-қатынасты қалпына келтіру, бос уақытын дұрыс және қызықты ұйымдастыру, жаңа идеяларды бастау бойынша аулалардың тұрғындары үшін уәждеме жасау, өзін-өзі қамтамасыз етудің пайда болуы. Жоба жергілікті жердің 40 мың адамын қатыстыруға мүмкіндік берді.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы».

«Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын жүзеге асыру барысында 43 сакралды нысанды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 200 мыңнан астам адам қатысқан 65 туристік бағыт жұмыс істейді. Ағымдағы жылы облысымыздағы және көршілес аудандардағы киелі жерлер бейнеленген 12 билборд орналастырылды.

«YMAI» ежелгі технологияларын зерттеу бойынша халықаралық зерттеу зертханасы және «Ақынақ» әскери-тарихи қайта құру клубы ашылды, онда бірегей археологиялық олжаларды зерттеу, консервациялау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

(Анықтама: 2016 жылы Павлодар қ. Байдалдың қорғандарынан қазба барысында табылған олжалар; Х-ХІІ ғасырлардағы Ұлы Дала көшпелілерінің жалғыз жақсы сақталған данасы «Қимақ арбасы» жылжымалы үйін қалпына келтіру; Павлодар облысы Ақтоғай ауданында ортағасырлық жерлеуден табылған бірегей археологиялық олжаны – «Күміс әйелдің» тарихи келбеті мен киімін зерттеу және қайта жаңарту).

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет».

Павлодар облысында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы табысты жүзеге асырылуда. Арнайы жоба шеңберінде Павлодар облысының солистері, шығармашылық театр ұжымдары халықаралық, республикалық фестивальдерге, байқауларға, айтыстарға қатысады. Біздің облыстың мұражайлары көрмелермен көршілес өңірлерге барады. Бір жыл ішінде барлығы 24 гастрольдік сапар болды. Биылғы жылы арнайы жоба аясында өңіріміздегі жарқын іс-шаралардың бірі – «Жастық шақ» атты Халықаралық дирижерлер шеру-фестивалі Іс-шара қазақ музыка өнерін насихаттауға, жастарға дәстүрлі музыканы дәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен жақын шет елдердің кәсіби музыканттары арасында шығармашылық тәжірибе алмасу, талантты жас орындаушыларды қолдау және олардың шығармашылығын халық арасында насихаттау.

Фестиваль аясында облысымыздың оқу орындарының өнер факультеттері мен музыкалық колледждің студенттеріне шеберлік сыныптары өткізіліп, БАҚ өкілдерімен кездесу болды. Дирижерлер шеруіне Моңғолия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан елдерінен, сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан дирижерлер қатысты.

«Ұлы даланың ұлы есімдері».

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасының бірегей іс-шарасы «Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғалары» ұзақмерзімді жобасы болып табылады. Жоба аясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми қоғамдастығымен құрылған 50 қысқаметражды фильмінің (25 – қазақ тілінде, 25 – орыс тілінде) тұсаукесері өтті. Идея авторы және жоба жетекшісі ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұлы болып табылады.

50 қысқаметражды фильмнің кейіпкерлері Бұқар Жырау Қалқаманұлы, Мұса Шорманұлы, Мәшһүр Жүсіп Копейұлы, Естай Беркімбайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Майра Шамсутдинова, Рафиқа Нұртазина, Жаяу Мұса Байжанұлы, Қосым Пішенбаев, Әлкей Марғұлан, Шапық Шөкин, Малайсары Тархан, Олжабай батыр, Жасыбай батыр, Баян батыр, Әбікей Сәтбаев, Сұлтанбет сұлтан, Әбікен Бектұров, Шәкен Айманов, Григорий Потанин, Ермұхан Бекмаханов, Павел Васильев, Кемел Ақышев, Дмитрий Багаев, Исабек Ишан, Ғабдул Уахит Хазірет, Жүсіпбек Аймауытов, Иманжүсіп Құтпанұлы, Всеволод Иванов, Олжас Сүлейменов және Павлодар өңірінің басқа да тарихи тұлғалары болды.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы».

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» жобасын қолға алды. Жоба мақсаты – ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттау. Жыл бойы керуен облыстың барлық аудандарын аралап шығып, жобаның жабылу салтанатымен аяқталды.

«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі».

«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында өңір үшін жарқын іс-шара «Ertis» мультимедиялық мұражайының ашылуы болды. Сандық мұражайда 9 экспозициялық зал бар. Олардың ішінде жүздеген миллион жыл бұрынғы уақыт – Жер бетінде өмір сүру кезеңінен бастап осы уақытқа дейін: қосмекенділердің пайда болуынан бизон мен мамонтқа дейінгі экспонаттар ұсынылған. Музейдің аумағы 2,5 шаршы метрді құрайды. «Ertis» – Қазақстандағы жаратылыстану ғылымдарының алғашқы музейі болды. Музей мультимедиялық техникамен жабдықталған: real-book кітабы, ақпараттық touch-панель және заманауи инсталляциялар. Павлодар облысының аумағынан әртүрлі олжалар ұсынылған музейде келушілер тарих, геология, археология, ежелгі және орта ғасыр тарихы бойынша білім ала алады.

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру» жобасы.

Өңірде «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру» арнайы жобасы аясында қазақ тілін оқыту үдерісінде әлеуметтік тілдік бейімделуге бағытталған «Күн сәулесі» (Брайль жүйесі бойынша көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған аудиокурс) жобасы іске асырылуда. Жоба қазақ тілінің арнайы курсын ұйымдастыру және халықтың әлеуметтік осал топтарының, көру қабілеті бойынша мүгедектерді қазақ тіліне және латын графикасына үйрету үрдісіне бағытталған.

Анықтама: курстардың 40 сағаттық бағдарламасы әзірленді, Брайль жүйесі бойынша «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» аудиокурсы тираждалды.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button