Жаңалық

Еліміздің білім саласына инвестиция құйып отырғанын білеміз. Бабалардың табаны тимеген алыс-жақын шет елдерге қандастарымыздың қаламы тиіп жатыр. Өзге елдің озық ілімін игеру бағытындағы бағдарламалар бүгінде баршылық. Елбасының бастамасымен жасалған «Болашақ» бағдарламасының ізін өзге де жобалар жалғауда. Бір шеті Америка, екінші шеті көршілес Ресей мен Қытайдың, Сингапур, Гонконг елдерінің белді оқу орындарының есігі қазақ жастары үшін айқара ашық. Осы типтегі академиялық ұтқырлық баңдарламасы да қазақ балаларына өзге елдің білімін игеруге даңғыл жол ашып отыр. Білім нарығының көшін бастап келе жатқан аталмыш мемлекеттерде түрлі сала бойынша маманданған жас буынның алды елге оралып, өз бағыттарында қызмет атқарып жатыр. Соның бірі Франция астанасында білім алып келген Зарина Баймусинамен сұхбаттасқанды жөн көрдік. Сіздің Франция астанасындағы белді университетті тәмәмдәп келгеніңізді білдік. Айтыңызшы, Сорбонна университеті мен қазақстандық оқу орындарының арасында қандай айырмашылық бар? Ең алдымен айта кету керек, біздің еліміздің өз алдына салтанат құрғанына тек жиырма алты жыл ғана. Айырмашылық та, ұқсастық та жетерлік. Сорбонна университетінде де, біздің ҚазҰУ-да да болондық оқу жүйесі қолданылады, яғни кредиттер саны басым рөл атқарады. Ерекшелігі сол, бізде максималды балл 100 болса, Сорбонна университетінде 20 балл. Келесі бір өзгешелік дәріс өту форматында, емтихан тапсыру процесінде. Францияда күнделікті баға алмайтынбыз, тиесілі бағамыз емтихан қорытындысына байланысты болады. Бізде студенттің курс сайын оқитын пәндерін факультет басшылығы тарапынан шешіліп, сол пән бойынша жаппай оқытылады. Ал Парижде студент өзі игергісі келетін дәрістерін өзі таңдауға құқылы. Сонымен қатар, лекцияға қатыспауға мүмкіндігі бар. Парижден білім алдыңыз. Өзге де азаматтар секілді Еуропада қызмет жасағыңыз келе ме? Әрине, ондай ойым бар. Дегенмен, Қазақстанның дипломы Францияға жарамсыз. Егер бұл ойымды жүзеге асырғым келсе, онда сол елден магистратура ойынша қайта білім алуға тура келеді. Осы орайда айтқан жөн болар. Елдің көзі ашық, терең білім алған жастарының көпшілігі шетелде оқығаннан кейін сол жақта тұрмыс құрып, сол жақта қызмет жасағанды дұрыс деп санайды. Осы үрдіс елдің дамуына кері әсер етуі бек мүмкін ғой. Қалыптасып келе жатқан осындай дәстүрге қандай көзқарас ұстанасыз? Енді бұл әрбір азаматтың жеке шаруасы ғой. Дегенмен, қазақтардың жат жұртта тұрмыс құрып жатқаны, әрине, ішкі тұтастығымызға кері әсер ететіні белгілі. Мысалы, мен шетелге тек білім алуға, тәжірибе алмасып, кәсібіме қатысты біліктілігімді арттыру үшін ғана барамын. Ал негізгі күшімді тек Қазақстанда жұмсаймын. Яғни, мен шетелге кеткен жағдайда, өзімнің қажеттілігімді алып үлгерген соң елге қайтатыныма сенімдімін. Франция мен Қазақстанның менталитеті мүлде бөлек. Парижде тұрмыстық жағдайда немесе қоғамдық ортада жүріп-тұруда түрлі қиындықтарға кездескен кездеріңіз болды ма? Бұл – менің Францияға екінші сапарым. Сондықтан, айтарлықтай өзгешелік көре қойған жоқпын. Дегенмен, көшеден қазақтарды көргіміз келіп, ішіміз қоңылтақсып жүретін. Іздеген қандастарымызды таптық. Ол жақта 200 отбасыдай қазақтар тұрады. Үйренісуде аса қатты қиындықтарға ұшырай қойған жоқпын. Жалпы, қазақстандық оқу орындарының әлемдік деңгейдегі университеттерімен үзеңгі қағыстырып, теңдесуі үшін қай тұсымызды жетілдіруіміз қажет? Кез-келген жоғары оқу орынының үлкен дәрежеге жетуі тікелей студенттерге байланысты. Студент жан-жақты әрі ізденімпаз, білімге құштар болса, онда университет деңгейі де жоғары болмақ. Студенттің сұранысына сәйкес мұғалім де өз тәжірибесімен еркін бөлісуге тынысы ашылады. Бұл ретте еліміз барлық мүмкін жағдайларды жасап отыр. Сондықтан, білім алушы бар жауапкершілікті сезінуі керек. Франция – көп ұлттың басын қосатын туризм аймағы. Өзіңіз көзбен көрдіңіз. Салыстырмалы түрде айтыңызшы, француз халқы немесе басқа ұлт өкілдері мен қазақстандықтардың білімге, ғылымға деген құштарлығында айырмашылық бар ма? Бұл – бөлек әңгіме. Өте үлкен айырмашылық бар. Мен Қазақстанда жас буынның кітап оқымайтынымен байланыстырамын бұл айырмашылықты. Францияда жүргенде екінің бірі қоғамдық көлікте, көшеде, парктерде қолдарынан кітап тастамайтынын күнделікті көретінмін. Біздің қоғамда осындай мәдениетті үрдіске теріс стероетип қалыптасып кеткен. Жасы болсын, жасамысы болсын, еуропа халқы өздерін рухани жетілдіруді әрдайым бірінші жолға қояды. Сол себепті олардың сөйлеу мәдениеті де, қоғамдық ортада өздерін ұстауы да көрген жанға керемет әсер сыйлайды. Міне, біздің жастардың кенжелеп тұрған тұсы – осы. Біз де өз-өзімізді әрдайым дамытып отыруды өмір дағдымызға айналдыруымыз қажет. Өйткені, қоғамның дәрежесі, мемлекеттің беделі әр адамға тәуелді. Әрбір азамат өзінің ел алдындағы жауапкершілігін, азаматтық парызын ішкі түйсігімен мықтап сезінуі керек. Екінші бір айырмашылығы – студенттердің жас айырмасында. Француздар жасы отызды орталап қалса да бакалавриатта білім алып жатса, таң қалмаңыз. Өйткені, олар ең алдымен өздерінің икемі келетін кәсіпті қателеспей таңдауға көңіл бөледі. Тағы да бір айта кететін жайт. Француздар кеш үйленеді. Ақша табудан бұрын білімін ұштауды көздейді. Бұл да олардың ғылымға әуестігіне айғақ бола алады. Ендігі әңгімені академиялық ұтқырлық турасында өрбітсек. Аталған бағдарламаның студенттерге тиімді тұсы қайсы? Ең бірінші тиімділігі – тәжірибе алмасу. Яғни, өз еліңде алған біліміңді өзге елдің деңгейінде сынап көру. Білім іздеп шет ел асты деген айдар таққаннан кейін кез-келген сынақта кем түспеуге тырыстым. Өйткені, мен арқылы басқа халықтардың Қазақстанға деген, қазақтардың біліктілік дәрежесіне деген көзқарастары қалыптасады. Осындай жауапкершілікті арқалап жүргеннен кейін қолдан келгенше жоғарғы баға көрсетуді мақсат тұттым. Және сол мақсатыма жеттім деген ойдамын. Мен барған Сорбонна университеті жеті бөліктен тұрады. Мен соның жетіншісінде оқыдым. Ол Paris Universite Diderot деп аталады. Атақты Дени Дидроның құрметіне осылай аталған. Мұны айтып отырған себебім, оқудан бөлек, шетел көрген студенттің көңіл көкжиегі кеңейіп, мақсаты айқындала түседі. Және бүкіл бір елдің тарихын білуге ынтасы ауады. Осының барлығы тұлғаның рухани қазынасына қосылған зор үлес деп білемін. ҚазҰУ-дың бакалавриат бөлімінде білім алып жатқан студенттерге магистратураны шет елде жалғастыруға кеңес берер ме едіңіз? Әрине! Жаңа да айтып өткендей, бұл бағдарлама өзіңді жан-жақты дамытуға үлкен септігін тигізеді. Мүмкіндігінше, бакалавриатты отандық жоғары оқу орынынан бітірген студент магистратураны шет елден тәмәмдауға талпынғаны жөн деп ойлаймын. Себебі, шетелдік магистратура дипломы сол елде тұрғылықты жұмыс жасауға немесе кәсбіи тұрғыдан тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұдан өзге тағылымдама деген дүние бар. Екі апталық тағылымдаманы Нью-Йорктегі Колумбия университетінде өттім. Қарап отырсаңыз, осындай зор мүмкіндіктің бәрін жасап отырған – ҚазҰУ. Яғни, талпынысы бар студент үшін ҚазҰУ тарапынан қолдауда кемшілік болмайды. Сонымен қатар, менің білімімді шетелде пысықтауыма Ғалия Жүнісова, Рафис Абазов секілді ұстаздар айтарлықтай ықпал етті. Тағы бір айтатұғын мәселе – тіл мәселесі. Қазір орыс, ағылшын тілдері міндетті тілдер деңгейіне өсіп кетті. Бізге бесінші, алтыншы тілдерді игеру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан, барынша көп тіл меңгеруге тырысыңыздар. Әңгімеңізге рахмет!

Кезінде Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастырған Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық Таскешу керуен сарайы да талай жылдар бойы топырақ астында елеусіз күй кешті

Кезінде Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастырған Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық Таскешу керуен сарайы да талай жылдар бойы топырақ астында елеусіз күй кешті

Қызылқоға мен Мақат аудан­дары­ның шекарасында орналасқан Тас­кешу «Ескі Ноғай жолы» деген атпен белгілі Сарайшық қаласынан басталатын жол бойындағы алғашқы керуен. Алтын Орда мемлекетінің өркендеу кезеңінде бой көтерген ескерткіш түгелдей қыш кірпіштен қаланған. «Кезінде көпестер мен дәулетті саяхатшыларға қонақ үй ретінде салынған бұл мекен Сағыз өзенінен өтетін өткелді қамтамасыз еткен, бұл жерде пошта бекеті, әскери бөлімше де болған», дейді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова.

ХIХ ғасырдың басында түркі­та­ну­шы Алексей Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты еңбегінде: «Сағыз өзенінің сол жағында Ұзынтамның қираған орны бар. Ол жерде өзеннен өтетін тас көпір болған, тас үгінділері көрініп жатыр. Халық арасында ол Шыңғыс ханның ұлдарының бірінің тапсырмасымен салынған деп айтылады» деп жазады. Мұндағы Ұзынтам деп отырғаны – Таскешу керуен сарайы.

Таскешуге 1950 жылы алғаш рет Хорезм археология-этнография экспедициясы зерттеу жүргізген. Кейін Әлкей Марғұлан келіп, керуен-сарайдың сызбасын жасаған деген деректер де бар, алайда ол құжат жарияланбастан қалыпты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқан тұста ғана Таскешуге мән беріле бастады.

2008-2010 жыл­дары Атырау облыстық тарих және археология орталығы қазба жұмыс­та­рын жүргізді. 2012 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі экспедиция ұйымдастырды. Аңызға сүйенсек, бұл жерде тас­тан көпір салдырып, әйгілі Асан қайғы бабамыз мекендеген екен. Ғалымдар керуен сарайдың Таскешу аталу себебінің бір нұсқасын осымен байланыстырады. Қазірде керуен сарайдың толықтай сәулеттік құрылысы анықталып, жаңа жобасы алынды. Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция басшысы Мұхамбетқали Кипиевтің айтуынша, сарай орнынан қыш ыдыстар, тас диірмен, мыс тиын, моншақ секілді жәдігерлер табылған. Тиын­дар Алтын Орда кезінде со­ғыл­ған. Солтүстік батысында 400 метр қашықтықта Сағыз өзенінде тас өткелдің қалдығы сақталған. Керуен-сарайдың көлемі 55х55 метр.

Ғи­ма­рат­тың ортаңғы алаңында қонақ үй, ас үй, монша қызметін атқарған бөлмелер орналасқан. Ас үйлер мен жатын бөлмелердің әрқайсысына жылыту пештері орнатылыпты. Сарайдың бұрыштары мен сыртқы қабырғаларының орта тұсында алыс­тан келе жатқан керуенге бағыт беру мақсатында мұнаралары болған. «Таскешуге жасалған қазба жұ­­мы­с­­­тарының нәтижелері облыс ау­ма­ғын­дағы басқа да тарихи орын­дар­ға кешенді зерттеу керектігін көр­сетті», – дейді М.Кипиев. Шы­нын­да да, бабалар жү­ріп өткен жолды аяқасты етпей, кер­уен сарайды қорғау жұмыстарын қа­зір­ден құнттамасақ, енді бір оншақты жылдың бедерінде тарихи құн­­ды ескерткіштің жер бетінен жойы­­лып кету қаупі жоғары. Жалпы, Аты­­рау аймағында әлі де зерттеуді қажет ететін 13 керуен сарай бар. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл бағытта біраз жұмыстар басталғанын айта кетуге тиіспіз. Көшпелі өркениет ескерткіші саналатын Таскешудің тек 40 пайызы ғана аршылып алынған. Ғасырлар көші топырақ астына жасырған ғаламат байлығымызды өлке тарихын жас ұрпақтың санасына сіңіруге орынды пайдалана білсек игі. Мән беріліп, назар салынса, таптырмас туристік орталыққа айналатындай-ақ орын.

Қазір Атырауға келген қонақтар мен туристерді Сарайшыққа апарумен ғана шектеліп жүрміз. Таскешуге жақын жерден электр жүйесі, газ құбыры өтіп жатыр, тұщы су көзі жеткілікті, демек туристік инфрақұрылым құруға қажет мүмкіндік бар деген сөз. Қазба жұмыстары барысында атырау­лық археологтар тапқан тақ­тай­шада мынадай сөздер жазылып­ты: «Бұл жер аталарымыздан қал­ған көненің көзі. Аталар рухы қол­да­сын». Ал біз көненің көзіне деген құр­метімізді лайықты көрсете алып жүр­міз бе?

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button