Жаңалық

«QazTalks» азаматтық қоғамының ашық конференциясы

«Жастар жылының» ашылуы жастарды бір серпілтіп, қоғамның ауызбірлігін еселей түсті. Бұл туралы қостанайлық жастардың бастамасымен жүзеге асып жатқан «QazTalks» азаматтық қоғамының кезекті ашық конференциясында айтылды.

Бұл жолғы басқосуда қостанайлық белсенді жастар мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін насихаттады.

18 жасар Максим Рюмин «IT PLANETA» халықаралық олимпиадасының жеңімпазы.

Талапты талант Тобыл жастарына өзінің табысқа жетуінің сырларын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Елімізде Елбасының бастамасымен жастарға жан-жақты қолдау бар.

Сондықтан берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, өз армандарын бағындыру жолында талмай еңбек ету керек дейді Максим.

Мінберден сөз алғандардың бірі – Шолпан Нұрқанова жылдам оқу және ой-өрісті дамыту мектебінің жетекшісі. 17 жылда жеткен жетістіерін баяндаған ұстаздың әсерлі әңгімесі – еркін пікірге ұласты.

Бұл жолғы басқосудың ерекшелігі оның ашық форматта өтуінде. Жиында «Робототехниканың» өңірде жүзеге асырулы деңгейі сөз болды. Креативті пікірге ие қостанайлық жастар мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.

«Жас келсе – іске» демекші, ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button