Жаңалық

Мәдени мұра – ұлттық салт-сананың бөлігі

«Мәдениет-ұлттың, оның жаны мен ақыл-ойының , игілігінің бейнесі. Өркениетті халық өз тарихының барысын, мәдениетінің дамуын, елді әйгілі еткен  ұлы адамдарының  жетістіктерін  әлемдік алтын қорға  қосқанын  зор үлесін мақтан тұтады. Ұлт әркезде мәдениеті, халық дәстүрі арқылы  белгілі болады». Н.Назарбаев

Қазақ халқы сан ғасырлық тарихы бар, әлемдік өркениеттің қазынасына енген мәдени құндылықтардың иесі болып табылады. Ол өз аумағында тұратын халықтардың мәдени құндылықтарының алуан түрін бойына сіңірген. Қазақстанның мәдени мұрасы ұрпақтардың рухани байланысын нығайтатын ұлттық сананың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл мәдениеттің бөлігі тек пәндер де емес, біздің рухани – зияткерлік кеңістікте, күнделікті тәжірибеде бар.

Қазақстан мәдениеті ежелгі дәуірден қалыптасқан және қазақ халқының өмірінің барлық тұстарын, дүниетанымын айқын көрсетеді. Бұл қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, сәндік-қолданбалы өнері, халық ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар және спорт түрлері. Қазақ халқының бай мәдениеті, көптеген салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрптары сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақталған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің 2018 жылы қараша айында жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласы, «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде 2017 жылы жарияланып, өзінің қызу талқысын тапты.Қазақстан тұрғындарының арасында бүгінгі күнде белсенді талқыланып,жүзеге асырылуда. Өз мақаласында Елбасы алты күрделі жаңа жобаларды жариялады. Олар Қазақстанның тарихын, әйгілі мәдени құндылықтарын зерттейді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы  жүзеге асыру барысында «Павлодар қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебі» ММ «Бір шаңырақ» атты мектепішілік жобасы дайындалып, жүзеге асырылуда. Павлодар қаласының №13 мектебі ең ескі мектептердің бірі, ол 1925 жылы ашылды, орыс тілінде оқытылатын мектеп, келесі жылы осы мектепке 95 жыл. Мерейтой қарсаңында «Мектеп тарихы-өткеннің куәсі, келешекке өнеге» атты мектептің тарихы туралы кітабын басып шығаруын жоспарлауда. Қазіргі таңда мектепте 569 оқушы, 24 сынып-комплект, жыл сайын оқушылардың саны артып келеді. Мектепте жаратылыстану-математикалық бағытта бейінді оқыту жүзеге асырылуда. Мектептің жалпы 18022 кітап қорымен өзінің кітапханасы бар, оның ішінде  2313 кітап қазақ тілінде, 8603 көркем әдебиет. Оқу залы, абонементпен бірге.

«Бір шаңырақ» жобасын жүзеге асыру оқушыларды рухани құндылықтарды түсініп, бағалауды үйренеді, сондай-ақ «Мәдени мұра» күнінің өткізілу оқушылардың туған жеріне деген жауапкершілігін, оның мәдениетіне қосатын жеке үлесінің дамуын, отбасының дәстүрлі құндылықтарының сақталуын, балалардың мәдени деңгейінің артуын қалыптастырады.

Әрбір шаңырақ Мәдени мұра қоғамдағы адамгершілік құндылықтар, этикалық нормалар  мәдениетті қалыптастыруға бағытталатын болады. Барлық кезең бойы бес шаңырақ жеті бағыт бойынша жұмыс істейді: 1) «Жанұя» мобильді-формат орталығы («Саналы азамат» базалық бағыты);

2) «Өмірлік таңдау» кәсіби бағдар беру жұмысы («Саналы азамат» базалық бағыты); 3) «Мәдени мұра күні» («Өлкетану» базалық бағыты); 4) «Жұлдызбен мастер-класс» («Отаным-тағдырым» базалық бағыты); 5) «Be original» Creativ алаңы («Саналы азамат» базалық бағыты); 6) «Small бук-трейлер» («Саналы азамат» базалық бағыты); 7) «Мектеп тарихы-өткеннің куәсі, келешекке өнеге» («Отаным-тағдырым» базалық бағыты). Әр шаңырақтың өз атауы бар:

«Музыкалық шаңырақ» – қазақ халқының музыкалық мәдениетімен танысу, музыкалық сайыстарды өткіу.

«Дәстүрі мен әдет-ғұрып шаңырағы» – дәстүрлі нысандарға толы. Балалар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы біле алады. Салт-дәстүрге байланысты сыйлықтарды тарту, көмек көрсету, қонақтарды күту дәстүрі өткізіледі.

«Шаңырақ ойындары» -ұлттық ойындардың өткізілуі. Басқа шаңырақтардағы сияқты қатысушылар ойынның шығу тарихын, сондай-ақ ойын ережелерін біле алады.

«Халық ауыз әдебиеті шаңырағы» – бұл жұмыс адамгершілік рухани тәрбиеге, қазақтың халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбие беруге ықпал ететін болады. Ол: халық шығармашылығын орындаушылар байқауы, әскери ерлікпен көзге түскен адамдардың ерлігі туралы зерттеу жұмысы.

«Шаңырақ сәндік-қолданбалы өнер» – киіз үй жинаумен байланысты дәстүрлі көрпешені тігу (дәстүрлі тігістер).

«Павлодар қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебі» ММ мектеп кітапханасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бір шаңырақ» мектеп жобасы аясында «Біздің сөредегі көне кітап» акциясы ұйымдастырылды. Осы іс-шара орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі          Светлана Анатольевна Бойченко мен мектеп кітапханашысы                    Айнұр Ертөстікқызы Рахметованың жетекшілігімен өткізілді. Шараның мақсаты: кітаптің мәртебесін арттыру, өмір бойы өз білімін көтеруде қолдау көрсету. «Кітапты бар жан-дүниелеріңмен жақсы көріңдер! Ол сіздің ең жақсы досыңыз ғана емес, сондай-ақ ол сіздің өмірлік серігіңіз»-            Эрнест Миллер Хемингуэй.

Кітап әрқашан да адам өмірінде ең маңызды рөл атқарған.Біздің ХХІ ғасырда, информациялық технологиялар ғасырында, кітап өзінің өзектілігін жоғалтып бара жатқандай, бірақ , әрбір үйде кішкене болсын кітап сөресі бар, сол арқылы біз әлемнің тылсым тұстарын  ондаған жылдар бойы біздің ұрпаққа жеткен кітап құндылықтарын білеміз.

Осындай кітаптар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бір шаңырақ» мектеп жобасы арқылы «Павлодар қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебі» ММ мектеп кітапханасында кітап көрмесіне қойылған. Кітап көрмесі ашылмастан бұрын оқушылар арасында «Біздің сөредегі көне кітап» акциясы ұйымдастырылды. Сондықтан көрмеге кітапхананың көне кітаптары ғана емес, сол сияқты оқушылардың үйдегі кітап сөрелеріндегі кітаптар да қойылды.

Көрмеге қатысушылар XX ғасырдағы 20-60-шы жылдағы көне кітаптармен және 1912 жылғы 20 сәуірдегі “Правда”газетінің ерекше данасымен таныстырылды.

Кітапханада елесідей көне кітаптар ұсынылды: «Автографы»-Мәскеу 1921ж., Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» 1952ж., «Мечников»                 Г.А. Ханисов 1939ж., сүйікті кітабымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлвира Ермантайқызы Талипова өзінің жеке кітапханасынан 15-20 ғасырдың жырау-ақындарының «Бес ғасыр жырлайды» жинағымен бөлісті, сондай-ақ мектеп оқушылары өздерінің сүйікті кітаптарын әкеліп қана қоймай, ата-аналарының халық шығармашылығы мен балалар көркем әдебиетіне арналған кітаптарын әкелді. 11 сынып оқушысы Юлия Вячеславовна Блок өз анасының «Веснянка» 1978 ж., 11 сынып оқушысы Дамир Қанатбеков М.Әуезовтың «Медное пламя» кітабымен бөлісті (таңдаулы туындысы) 1979 ж., 10 сынып оқушысы Альфия Кумарқызы Нургалиева Е.Благининаның «Посидим в тишине» атты 1974 ж. балаларға арналған туындысын әкелді. Оқушыларға көрме 1921 жылдан бстап 1970 жылдар аралығында көрсетілді, кітап қорынан 44 кітап, оның ішінде 4 кітап оқушылар мен мұғалімдердің жеке кітапханасынан ұсынылды. Мектеп кітапханасында 1912 жылғы 20 сәуірдегі ең көне «Правда» газеті.

Әдеби композияны 8 «А» сынып оқушылары – Алешин Валерий Александрович, Артюшкина Ирина Евгеньевна, Боленко Данил Сергеевич, Балаян Анна Ашотовна, Галкина Ангелина Дмитриевна, Дектярюк Виктория Андреевна, Кариченко Дарья Владимировна, Коношенко Мария Андреевна, Кожевникова Милана Анатольевна, Лебедева Влада Андреевна, Максимов Александр Владиславович, Мяло Дарья Николаевна, Фатьянов Павел Андреевич орындаса, толығырақ өз жеке кітапханасынан орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Светлана Анатольевна Бойченконың “Очерки по истории комсомола Павлодарщины” кітабының  мазмұны бойынша толық мағлұмат ұсынды. Кітап 1958 жылы жарық көрді, осы кітапта Павлодар облысының жастарының тарихы, совет үкіметінің құрылған кезеңі және жаппай сауатсыздықты жою, Ұлы Отан  соғысы, соғыстан кейінгі жылдары тың және тыңайған жерлерді көтеру туралы айтылған. Кітаптың шығуына өз үлестерін қосқандар И.И. Васильев, М.Калиев, Ю.Юханов, М.Юханова, М.Тереник, М.Яговдик. Кітаптан білгеніміз, біздің мектептің 7 сынып оқушысы Валя Казанцева Павлодар ауданының «Комбайн» колхозына жұмысқа  жіберілді. Аз уақыт ішінде ол ЧТЗ тракторын жүргізуді үйреніп алды, өндірістік тапсырмаларды орындады. Кітаптың шығуына  Павлодар облысы мұрағатының материалдары көп септігін тигізді, сол себепті бұл кітап аса құнды жәдігер болып саналады.

Әрине, өткізілген акция кітаптың мәртебесін көтеруге, өзін-өзі жетілдіру және өз білімін көтеруде қолдау көрсету, өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда, өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік құндылығын дамытуға септігін тигізді.

Динара Ақсанқызы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button