Жаңалық

ZHASPROJECT Жастар корпусын дамыту жобасы 2018 жылды қалай қорытындылады?

Астана қаласында «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» үздік тәжірибелердің республикалық форумы және жастар жобаларын іске асыру шеңберінде өндірілген өнімдердің көрмесі өтеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі мен Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын іске асырды. Аталмыш жобаны қолға алғандарына биыл 2 жыл толыпты. Жастар корпусының үйлестіру агенттігі бар. Ол қоғамнан қалыс қалып жатқан жастарды қоғамға сәтті бейімдеу және нәтижелі еңбекпен қамту үшін өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту арқылы әлеуметтік пайдалы қызметке тарту жұмыстарымен айналысады. 2017 жылы Жоба пилоттық режимде Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында іске асырыла бастады. Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша 8 500 жас адамды қамтыған жоба 2020 жылға дейін созылады деген жоспар бар.

2018 жылы Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстары аталмыш жобаны іске асырды. Жобаны іске асырудың 6 айы ішінде 3 508 жас азамат өз әлеуметтік идеясын жүзеге асыра алды. Осы өңірлерде ZHASPROJECT жобасы аяқталғаннан кейін жастар 198 білім беру курсын (компьютерлік, тілдік және) ашып, сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша 154 жобаны дөңгелетті. Волонтерлік бастамаларды, отансүйгіштік пен отбасылық құндылықтарды қолдау шеңберінде жастар 94 жоба қалыптастырды, 92 спорт секциясы мен фитнес клубын, 58 шығармашылық үйірмесін (би, тоқу, хэндмейд), 52 наубайхана, кондитерлік және ірімшік қайнататын өндіріс орнын, 49 тігін шеберханасын ашты.

Қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелерін барлық өңірлерінде өткен аймақтық форумдарда көрсете алды. Аймақтық форумдар мен үздік жобалар көрмесі шеңберінде қатысушылар өндірген өнімдерін көрме ұйымдастыру арқылы көпшілік назарына ұсынды. Өнімдер қатарында сүт, ауыл шаруашылығы өнімдері, тоқыма және қолөнер бұйымдар болды. Кей жастар жоба барысында үйренген жаңа кәсіп түрлерінен тіпті шеберлік сағаттарын өткізіп үлгерді. Оған қатысамын деушілерге әрдайым есік ашық. Аймақтық форумдарда жоғары нәтиже көрсеткен жастар Астанада ұсынылатын ең үздік жобалар көрмесіне іріктелді.

ZHASPROJECT форумының мақсаты – 2018 жылды қорытындылау, қоғамда іске асырылып жатқан жобалар және жастардың өз қоғамдастықтарын жақсартуға қосқан үлестері туралы ақпараттандыру.

Форумның шеңберінде Дүниежүзілік банк, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ алты облыстан келген Жоба қатысушыларының, менторлар мен қабылдаушы ұйымдар өкілдеріне сөз беріледі.

Айнұр Нұрманғалиева, RUH.KZ

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button