Жаңалық

Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?

Адамзаттың 70% дұрыс тамақтанбағаннан көз жұмады екен. Профессор Мермерский ауру-сырқаудан ауылыңыз алыс болу үшін қалай және не жеу керегін және қауіпті консерванттардың, әсіресе, дайын торттардың, сағыздың, кәмпиттер мен макарондардың құрамында жиі кездесетінін айтты.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде. Жиі аузымызға түсетін бұл нақылды барлығымыз білгенімізбен, аурудың емін іздейтіндеріміз басымырақ. Бірақ заман талабы емес, қалыптасқан жағдай бұл сөзге тереңірек үңіліп, денсаулығымызға, әсіресе, дастарханымызда не тұрғанына асқан жауапкершілікпен қарауға алып келді.

Халық денсаулығына алаңдаушылық білдірген Елбасымыз да өз жолдауында “Ауруды емдеуге қарағанда оның алдын алудың арзанға түсетінін есепке ала отырып, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын-ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн.” – деп үнемі айтып келеді.

 Осы орайда Ruh.kz қауіпті консерванттардың қай өнімде жиі кездесетінін және қай азық-түліктен алшақ болу керегін сараптап көрді. Негізге әйгілі профессор, Христо Мермерскийдің мәлімдемесін алып отырмыз. Айта кету керек, профессор Христо Мермерский – дәрігер, генетик, әрі Вашингтонның экс-депутаты. Оқытушылық қырынан да танылған профессор 63 елдің 200 университетінде дәріс оқыған, әлі де сабақ беріп келеді. Әке жолын қуған

Мермерскийдің ұлы да белгілі ғалым. Әке мен бала ғылым саласында бірлесіп жұмыс жасайды, олардың ғылыми еңбектері әлемдегі талай азаматтың жұмыс үстелінен табылары хақ.

Ғалымның айтуынша, кәрілік – табиғи құбылыс емес. Көптің пайымдауынша, ол аурудың бір түрі. Біз өз денемізді кәрілікке өзіміз алып келеді екенбіз. Ал, егер тамақтануға жауапкершілікпен қарайтын болсақ, барлығы да жақсы болады. Жер шары тұрғындарының 70%-ы дұрыс тамақтанбау салдарынан тұз байлану ауруына, қант диабетіне, ойық жара ауруына, инфарктқа, инсультқа, ісік ауруына, атеросклероз ауруларына жиі шалдығып жатады. Бұл ауруларды болдырмаудың жолы бар ма? Әрине, бар, дейді Мермерский. Бірден-бір жолы – тамақтанудың қарапайым ережелерін сақтау. Тек, біз бұл күйбің тіршілікте сол ережелерді керек қыла бермейміз. Қымбатты оқырман, дұрыс тамақтану ұзақ, әрі салауатты өмірдің кепілі!

Сонымен, профессор Мермерскийдің кеңестері қандай? Оқыңыз, керегін түртіп алыңыз да, кәдеңізге жаратыңыз.

Ғалым кәрілікке және қатерлі ісік ауруларына қарсы тұру үшін пайдалы тағамдарды он бір топқа бөлген. Пайдалылардың негізгі сатысына жемістер, көкөністер, жүзім, йогурт және шарапты кіргізді. «Шарап?

Неліктен?» деген сұрақ та туындауы мүмкін. Әрине, шарапты аз мөлшерде, француздар сияқты ет тағамдарын пісірген кезде ғана қосқан дұрыс.

Йогуртқа немесе айранға тоқталайық. Ертеректе бұл өнімнің құрамы табиғи болса, қазір дүкен сөрелерінде кездесетін бұл тағамның табиғилығы күмән тудырады. Табиғи йогуртпен Жапония, Қытай, Корей елдерінің 25 миллионға тарта халқы өз оразаларын ашады екен. Расында да, өнімді күнделікті ас мәзірге қосып отырған жағдайда, асқазан мен тоқ ішек ісік ауруының алдын алып, остеопороздан қорғануға болады, дейді мамандар. Күн сайын шамалап йогурттан жеп жүрсеңіз, ағзаңызды тазартып, артық салмақтан арыла аласыз.

Табиғи айранды дүкендерден табу қиынға түсер. Сондықтан назарыңызға айранды үйде дайындау тәсілін ұсынамыз. Мархабат! Дәріханаларда сатылатын арнайы табиғи ашытқыны алып, мысалы, “болгар таяқшасын” пайдалануға болады, оған 1 ас қасық бал, 100% алма пектинінен 1 ас қасық, 1 шай қасық даршын ұнтағын, прополис тұмбасының (30 пайыз) 40 тамшысын қосып, араластырамыз. Бұл қоспалардың барлығын дәріханадан таба аласыз. Айран ұйыған соң, бірден пайдалана аласыз немесе әр екі сағат сайын екі ас қасықтан жей аласыз. Бұл өнімнің пайдалылығын арттыру мақсатында, құрамына бір уыс қаражидек, екі уыс ұнтақталған грек ұнтағын қоса аласыз. Ал көкжидекті ғарышкерлер деннің саулығы үшін көп пайдаланады, егер қарныңыз аш болса, йогурттың құрамына банан қосуға болады.

Біздің деніміздің саулығына сарымсақ пен сәбіз де күш бере алады. Бұл екі тағам сұлулықтың тікелей дәрумендері. Әзірбайжан елінде өткізілген эксперимент қорытындысы сөзімізге дәлел болды. Арнайы ыдысқа салынған 80 аурудың бактериялары сарымсақ әсерінен толығымен жойылған.

Прополистің де әсері күшті. Егер онымен күнделікті ауызды шайып тұрсаңыз ауыз қуысындағы бактериялар жоясыз. 50 мл суға 20-30 тамшы прополисті ерітіп, оны күніне екі рет ішіп отырсаңыз, тұмаудан арылып қана қоймай, асқазан, ісік ауруларының алдын алсыз. Прополиспен қатар, вирусқа қарсы табиғи дәрумен – жаңғақ, шаған, бүк және емен ағаштары.

 Профессор Мермерскийден тағы бір кеңес. Азық-түлікті базардан, дүкендерден сатып алу барысында, міндетті түрде оның заттаңбасымен (этикетка) танысыңыз. Әсіресе, ұсақ жазуларға мән беріңіз. Тағамға қосылған барлық

химиялық қоспалар ұсақ шрифтпен жазылады. Осындай зиянды қоспалардың алғашқы сатысында натрий нитраты мен натрий нитриті. Олар денсаулықтың зұлым жаулары. Ең қауіпті консерванттар қатарын гидрокситолуол мен бутилгидроксианизол бастап тұр. Бұл қауіпті консерванттар мен қоспалар дайын торттардың, сағыздың, кәмпиттер мен макарондардың құрамында жиі кездеседі. Фабрика-цехтардан шыққан дайын өнім ұзақ

уақыт бойы бұзылмай сақталуы үшін осы химиялық қоспаларды пайдаланады екен. Байқағаныңыздай, бұл

өнімдердің барлығын балалар жақсы көреді. Тағамдардың құрамында кездесетін аталмыш консерванттар ақырындап ағзаға еніп, обырға, аллергия алып келеді. Рафинадталған қантты да бұл тізімге қоса аламыз. Сондықтан, сүйіп ішетін кофеңізді қантсыз ішкеніңіз абзал.

Анық болғандай, әлем бойынша иісі өте тартымды, тәбетті ашатын 200 химиялық қоспа бар екен. Осы қоспалар балалардың зиянды тағамдарға деген әуестігін тудырады. Көп мөлшерде баланың ағзасына түскен бұл қоспалар түйілуге (судорога), тіпті өлімге алып келеді. Нәрестелерге арналған тағамдардың құрамында түрлендірілген крахмал бар. Оның да химиялық құрамы бала денсаулығына өте зиян. Табиғи шырындардың құрамында кездесетін өсімдік майлары да зиян қоспалардың қатарында. Сол себепті балаларға табиғи шырынды үйде дайындаған абзал.

Профессордың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, өткен ғасырдың алғашқы он жылында адамдар қантты бүгінгі  күнмен салыстырғанда бес есе аз мөлшерде пайдаланған. Қант – ақ қарғыс, ақ өлім, деп жатамыз. Қант – жүрек, өкпе, бүйрек және асқазанның қас жауы. Бүгінде адамдар қантты тағамдарға көп мөлшерде қосады. Мәселен, бір америкалық азамат жылына қырық алты килограмм қантты тағамына, сусынына қосып ішеді екен.

Ал тұз ше? Бұл жерде американдықтар емес болгарлықтар көшбасшы. Болгар халқының 30% қан қысымынан зардап шегеді. Болгарлықтар тағамға тұзды тым көп мөлшерде қосатын болып шықты. Әсіресе ашқарынға чипстер және тұзды күтірлек нан жегеннен пайда көрмейсіз. Бұл – өз-өзіне қолжұмсаумен пара-пар. Зиянды тағамдар тізіміне бауырсақтарды, қуырылған бәліштерді, тым ащы-тәтті тағамдарды, қысқа толқынды пеште пісірілген тамақты және газдалған лимонадтарды кіргізуге болады.

Сонда дүкендерде, супермаркеттарда сатылатын тағамдардың көбісі зиян болып шықты ма? Деннің саулыңына пайдалысы қайсысы, деп сұрарсыз.

Айтайық. Күнделікті бір алма жеуді, салқындатылған суды және емдік шөптерден қайнатылған шайды ішуді әдетке айналдырыңыз. Жұмысыңызды жасаңыз. Салқындатылған бөлмеде ұйықтаңыз. Демалыс күндері жаяу жүріңіз, тым болмаса 10-15 км қашықтықты бағындырыңыз. Күлімдеңіз, жақын достарыңызбен, жаны жайсаң адамдармен жиі араласып тұрыңыз. «Жасым үлкен, дәуренім өтіп кетті» деген сөздерді ұмытыңыз! Кәдеңізге жарап қалар, Қытай елінің бір рәсімін айта кетейік. Бұл рәсім ашқарынға жасалады. Аузыңызға 1 ас қасық күнбағыс майын толтырыңыз да, оны ауыз қуысында  жұтпай, 10-15 минут ұстаңыз. Алғашында май қоюланады және су тәріздес болады. Ақыр аяғында ол сүт сияқты ақ түсті болады. Міне сол сәтте оны аузыңыздан шығарып тастаңыз. Бұл оның зиянды заттары. Соңынан аузыңызды жылы сумен шайыңыз. Кішкентай ғана болса да, қытайлықтардың бұл құпиясы адам жасушасын сақтап қалуға үлкен ықпал жасайтын көрінеді.

Біздің ас мәзірімізде күнделікті кездесетін тағамдар біздің дәруменіміз болуы хақ, дейді профессор Мермерский. Себебі ол тағамдар барлық аурудың 66% емдейді. Ал, біздің ресторан-кафелерде балаларға және өзімізге алып жүрген бутербродтарымыз өз ағзамызға қарсы жасалған қылмыс деп есептеуге болады.

Сөз соңында, нәзік жанды әйелдер қауымына арналған сұлулық сырын ашайық. Бірдей мөлшерде балды, грек жаңғағын, өрік-мейізді және лимонды ыдысқа салып араластырыңыз. Кейін шыны ыдысқа салып, күніне үш рет бір шай қасықтан жеп жүрсеңіздер, шашыңыз, тырнақ пен теріңіз әрлене түсетіні анық. Ал, еттің орнына, қазақ жатырқаса да, бұршақ тұқымдастарын пайдаланған жөн. Бұршақтың құрамындағы 31% ақуыз бен 11% майлар адам ағзасына пайдалы және зияны мүлдем жоқ. Адамзат техникалық, ғарыштық, эволюциялық даму жолында өзінің денсаулығының сыр бергеніне аса мән бермейтіні анық. «Ас адамның арқауы» деп атам қазақ бекер айтпаған. Сол себепті, қымбатты біздің оқырмандарымыз, ас мәзірлерің пайдалы болсын, ал денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Бибігүл Бөкенбайқызы,

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button