Жаңалық

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Бүгін, 2019 жылдың 20 наурыз –  ел тарихында елеулі оқиға ретінде жылнамаға жазылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент ретіндегі өкілеттілігін өз еркімен тоқтатты. Елді уақытша басқару міндеті Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа берілді. Осыған қатысты бүгін Астана қаласында Астана уақытымен сағат 12.00-де Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант беріп, ел тізгінін өз қолына алды.

Президент лауазымындағы Қ. Тоқаевтың жариялаған алғашқы Жарлығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру және «Алтын қыран» орденімен марапаттау. Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасына алғыс білдіріп, оны «саяси ұстазым» деп атады.

Ruh.kz

Басқа материалдар

Back to top button