Жаңалық

«ДИМАШ» ҚУЫРШАҒЫН КІМ ЖАСАДЫ?

Димаш Құдайбергенге мини-қуыршақ сыйлаған кім? Ол қуыршақ қандай шебердің қолынан шықты? Бұл қуыршақтың жасалу тарихы қандай?  Біз, осы қуыршақты жасаған Якутиялық шебермен хабарласып, көпті мазалаған сұрақтардың жауабын алдық.

Баппагай Хаарчаана – тарихы, қаны, тілі бір түркі халқының Якут ұлысынан шыққан қуыршақ шебері. Ол – талай халықаралық фестивальдарға және конкурстарға қатысып, өз шеберлігін шыңдаған. Баппагай бұл кәсіпке өзі ана атанған жылдары машықтанған. Өзінің тәтті қызы үшін ерекше қуыршақтар жасау мақсатында түрлі шеберлердің жұмыстарымен танысып, қызығады. Сол уақыттан бастап, қуыршақ шебері прототипке ұқсайтын қуыршақ жасау жолын бастайды. Ал, Димаштың Якутиядағы фан-клубы әншіге ерекше сый жасау үшін Баппагайға жүгінеді.

«Өткен жылдың аяғында, маған Димаштың Якутиядағы фанаттары, соның ішінде Лена Шишигина хабарласып, әншіге ұқсайтын қуыршақ жасап беруді сұраған еді», – деп еске түсірді шебер.

Якуттың шебер қызы

Мәскеу қаласында қыз мезгілінде бастау алған шығармашылық жұмыс бірнеше айға созылыпты. Шебердің айтуынша, ол әншінің фотодағы сұлу келбетіне қатты тамсанды. Қуыршақ жасауға бірден кіріскен уақытта барлығы да ойдағыдай болған еді, алайда отбасы жағдайына байланысты шебер Бали аралына көшеді. «Бали аралында тұрақтану үшін бірнеше апта өтеді. Мен де, Димаштың Мәскеу қаласында өтетін концертінің күні жақындағанын сездім. Сездім де, Мәскеуде бастаған жұмысыма қайта кірістім. Алайда бұл жолда тосқауыл болған алғашқы нәрсе, әншінің өмірдегі сахналық киіміне ұқсайтын ақшыл матаны табу болды», –  дейді шебер. Анығына келгенде, бұл аралда расында да тігу маталары және оларға қажет аксессуарлар сататын дүкендер мен базарлар жоқтың қасы. Тек, Денпасар қаласына барғанда, бірнеше сағат таксимен жүріп, кешке базар жабылатын уақыт таяп қалған кезде, шебер қуыршақтың көйлегіне сай келетін матаны тауып алады. Оның қуанышында шек болмайды. Бұл жұмыс барысында шешілген алғашқы кедергі еді. «Димаштың суретіне қарап, оның келбетін жасау үшін, мен үш мәрте жұмыс барысын қайта бастадым.

Қуыршақ әншінің келбеті жасалды, үстіне сахналық киімі киілді. Алайда, бір жетіспеушілік болғандай әсер тудырды. Киімнің жарқ-жұрқ еткен сәті болмады. Соны қалай да жасаймын. Бірақ «қалай» деп бас қатырдым. Жылтырақ моншақтар мен алтын жіптерді енемнің сандығынан таптық. (Күлді). Ал, қуыршақтың шашы бізге Ресейден сәлемдеме арқылы жетті. Міне, осылай қуыршақты жасау барысы Мәскеуде басталып, Бали аралында аяқталды». Шебер осы бірнеше айға созылған жұмыс барысында, Бали аралының барлық шеберлерімен танысып, достасып үлгерген. Әңгіме барысында  Баппагайдың есіне түскен тағы бір оқиғасы,  ол өзінің ішіндегі 38 апталық тумаған нәрестемен мотоциклге отырып, әнші қуыршақтың киімін тігу үшін ақшыл мата іздеуі. Өз тарапынан батыл қадамдарға барған шебер, Димаштың жанкүйерлері үшін бұл қуыршақты дәл уақытында тапсырады. «Бұл жұмысты жасау барысында, мен, Димаштың творчествосымен жақын таныстым. Димаштың феномені мені қатты таң қалдырды. Енді мен де әнші талантының жанкүйерімін!».

Міне, Димаш Құдайбергеннің Мәскеу қаласында өткен концертінен соң хит болған қуыршақтың жасалу тарихын және оны жасаған қайсар мінезді шебердің кім екенін сіз де білдіңіз, оқырман!

Бибігүл БӨКЕНБАЙҚЫЗЫ,

Ruh.kz

http://ruh.kz/kz/news/dimash_kudaibergenge_katisti_10_derek“>Димаш туралы қосымша мәлімет білгіңіз келсе осында басыңыз

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button