Жаңалық

АЙБОЛАТ СЕКСЕНБАЕВ: “Әркім өз ісінің шебері болуы керек”

Мәдениет және спорт басқармасының бастамасымен “NOMAD CІTY HOLL” сахнасында халықаралық театр күніне орай театр саласында еңбек етіп жүрген кәсіби мамандарды марапаттау үшін әдемі кеш өтті. Кешке барша театр саңлақтары – театр директорлары, көркемдік жетекшілері, театр сыншылары және әртістер қауымы қатысты. Шара барысында Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрының директоры – Айболат Жанғалиұлынан сәті түсіп сұхбат алған едік…

Ruh.kz: -Айболат Жанғалиұлы, театр өнері сәнге айналуы үшін не істеу керек?

Айболат Жанғалиұлы: Театр – бұл өзіндік бір ерекшелігі бар ұғым! Негізгі ерекшелігі – жандылық, сахнада көрерменмен тікелей байланыста бола отырып, актердің жанын беру. Сіздің сұрағыңыз театрды қалай трендке айналдыруға болады деген сұрақ қой. Қазіргі таңда да белгілі бір межеде трендке айналып келе жатыр.  Көп нәрсе экономикалық мәселелермен байланысты да шығар. Жыл бұрынғы уақыттар әсер еткен болуы керек, содан көп адамдардың театрдан қол үзіп қалғандай.

Бірақ, бұдан жаңағыдай түңіліп кетуге болмайды ғой. Жастар театрды жақсы көреді. Жиі келіп жатыр. Театрдың әлеуметтік желілермен, электрондық құралдарды пайдалану, көрермендерге қолжетімді дүниелерді ұсыну деген сияқты нәрселерді қазір бүкіл театр қолданып жатыр. Солай көрермендеріміз көбейіп жатыр. Бұрын 2000 жылы бір адам кассадан өзі билет алып келсе, бүгін үш адам келіпті деп қуанатынбыз. Ал қазірде 70-80%-ы көрермен өз аяғымен келетін күнге жетті. Сондықтан бір күнде революция жасап, театрдың бәрі тренд болып кетеді деген сөз емес. Бұл көрерменнің санасының қалыптасуымен келетін дүние. Әрине, оған уақыт керек. Қазір көрермендердің көбейіп келе жатқаны – заманның, уақыттың, және де сананың пісіп-жетілуімен байланысты деп білемін.

Ruһ.kz: Осы Жастар жылында актер, театртанушы боламын деген шығармашыл жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

Айболат Жанғалиұлы: Ең бірінші кеңесім – театрды сүюі керек! Өзі де кейін кәсіби өскен кезде пікір айтуы үшін кәсіби тұрғыдан сын айтып, өз ойын жеткізуі үшін де мамандығын сүюі керек қой. Одан артық бақыт жоқ шығар. Әр адам –  өз ісінің шебері болуы керек. Сонда ғана қоғамымыз мықты, өркениетті болады.

Айнұр Нұрманғалиева, Ruh.kz 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button