Жаңалық

ЕуроОдақ журналистерге байқау жариялады

«ЕуроОдақ – Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» атты II жыл сайынғы байқаудың пресс-конференциясы өтті. Қазақстандық журналистер үшін Еуро Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге және нығайтуға, Қазақстан медиа қоғамдастығындағы Еуропалық Одақ туралы ынтымақтастықты арттыруға және ашық диологты қалыптастыруға бағытталған байқау жарияланды.

Қазақстан Республикасындағы Еуро Одақ өкілдігі мен БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығы «Еуро Одақ – Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» кәсіби халықаралық тағылымдамаға ашық байқауды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Байқау нәтижесінде ЕО институттарын және Брюссельдегі медиапульды зерттеу мақсатында апталық танысу тағылымдамасына қатысу үшін 4 жеңімпаз іріктеледі. Сонымен қатар, жеңімпаздар Еуропалық комиссиялардың күн сайынға брифингтеріне қатысып, ЕО институттарының ішкі механизмін көре алады. Бұдан әрі байқау жеңімпаздары Еуро Одақ – Орталық Азия Министрлік кездесуі өтетін Бішкек қаласына аттанады.

Байқаудың іріктеу кезеңдері:

І кезең:

2019 жылдың 25 сәуіріне дейін өтінімдерді қабылдау. Үміткер толтырылған өтінім, оған тіркелген файлдар мен сілтемелерді жібереді.

ІІ кезең:

Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің үміткерлерді анықтауы 2019 жылдың 10 мамырына дейін тағылымдамаға қойылатын талаптарға сәйкес стипендияларды тағайындайды.

ІІІ кезең:

2019 жылдың маусым айының соңына дейін бекітілген бағдарлама шеңберінде жеңімпаздарды жіберу.

Айнұр Нұрманғалиева,

Ruh.kz 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button