Жаңалық

Павлодар облысында «Көрші» жобасы басталды

Павлодар облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығына орай аймақ тұрғындарын  «Көрші» жобасына қатысуға үндейді.

Өңірде көршілер арасындағы  қарым-қатынастарды жаңғырту және нығайтуды, сондай-ақ,  аулалар тұрғындарының бос уақытын қызықты ұйымдастыруды мақсат тұтқан  бірегей жоба басталып кетті.

Павлодар  қаласының 15 ауласында  жобаның ұйымдастырушылары  тұрғындарды  Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»  бағдарламасының екі жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға шақырады. Жобаның ең басты бірегейлігі   – барлық іс-шара аулаларда үй шаруашылығындағы әйелдерді, балаларды, әжелерді және аталарды және үйлеріне түскі асқа келетін  барлық тұрғындарды шақырумен өткізіледі.

Іс-шараның  бағдарламасына  қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары, безендіру-қолданбалы өнер көрмесі,  «тоғыз құмалақтан», «асық атудан» жарыстар, сондай-ақ басқа да танымдық, ағартушылық және мәдени-сауық іс-шаралары  енгізілді.    Сонымен қатар  ұлттық салт-дәстүрлердің элементтері көрсетіледі.Олар:  сабантой, иткөйлек, тоқымқағар, ерулік, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, қырқынан шығару, бесік той, бауырына салу, жеті ата, құлақ тесу  және басқалары.

Осы облыстық жоба  өңір тұрғындарын  біздің азаматтарымыздың санасын жаңғырту бойынша жаңа идеяларға   бастамашыл болуға уәждеуге бағытталған.

Көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін ұсыныстар ретінде арнайы жаднама  дайындалды.  Жаднамада  көршілер арасындағы«Ерулік», «Сыбаға»  және т.б. табиғатқа бірлескен саяхаттарға шығу, бір жаққа жол жүргенде үй хайуандарын көршілерге табыстау сияқты дәстүрлерді қалпына келтіру, сондай-ақ  тұрмыстық мәселелерді ұйымдасқан түрде бірлесіп шешу бойынша ұсыныстар бар.

Облыстық «Көрші»  жобасы әр ай сайын өткізілетін болады, ұйымдастырушылар Павлодар облысы қалаларының барлық аулаларын қамтуды жоспарлап  отыр.

«Көрші»  жобасы  «Рухани жаңғыру» облыстық офисінің, облыс ішкі саясат басқармасының,  аулалық клубтар мен  Павлодар қаласының қосымша білім беру мекемелерінің, «Nur Otan» және «Жас Отан» жастар қанатының, Павлодар қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің, сондай-ақ бірқатар облыстық, қалалық органдардың, мәдениет мекемелерінің, оқу орындарының және қоғамдық бірлестіктерінің  қолдау көрсетуімен  іске асырылады.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button