Жаңалық

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ»

Казталов ауданы Қайыңды ауылында «Ұлы даланың қызғалдағы» атты ІІ-ші халықаралық этномәдени фестивалі өтті. Басты мақсат – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласында айтылғандай, Қазақстан қызғалдақтың Отаны екенін көпшілікке паш ету.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты тағылымдық мақаласында – Қазақ жері қызғалдақтың «тарихи отаны» деген еді. Күні бүгін елімізде қызғалдақтың 35 түрі болса, соның 18-і Қызыл кітапқа енгізілген. Осы бір өсімдіктің өзіндік ерекшеліктерін танытып, тұмса табиғатымызды қорғап-дәріптеу мақсатында Батыс Қазақстан облысының Қайыңды ауылында жыл сайын қызғалдақ фестивалі өткізіледі. Этнофестивалде ұлттық тағамның түрлері пісіріліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар да ұйымдастырылды. Көп күткен фестивальдің басы “Шапағат” халықтық әжелер ансамблінің тамаша үнімен басталып, үлгілі “Қыз Жібек” термешілерінің өнеріне ұласты.

3.jpg

Театрландырылған қойылым көрерменнің назарына ұсынылды.  300 бишінің “Қызғалдақ” биі көптің көңілінен шықты. Тұңғыш Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи мақаласы аясында ауданымызда екінші рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы даланың қызғалдағы» II Халықаралық этно-мәдени фестивалінде алғашқы құттықтау сөзді Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар сөйледі, Казталов аудан әкімі Абат Шыныбеков де өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Бұдан кейін 300 адам Құрманғазы бабамыз бен Дина анамыздың күйлерін домбыраның күмбіріне салып, Қайыңдының алқабын бір серпілтіп қоя берді.

Жалпы, Қараөзеннің жағасында орналасқан Қайыңды ауылындағы қызғалдақ алқабының аумағы 400 гектар. Бұл жерде 12 түрлі түсті қызғалдақ өседі.

2.jpg

Шара барысында Ғабидолла Абдоллаұлы бастаған делегация мен бірқатар қонақтар әр ауданның айналдыра тіккен ақшаңқай киіз үйлерін аралап, этноауылдарда болды. Шара бес мыңға жуық адамды қамтыса, 11 киіз үй тігіліп, 7 этноауыл құрылды. Сонымен қатар «БҚО табиғат ескерткіштері» атты облыстық экологиялық экспедиция байқауы басталып, «Қызғалдақ калейдаскобы» (қолөнер, тағам  көрмелері) ұйымдастырылды. Көршілес Ресей федерациясы  Александрово-Гай ауданының қолөнер көрмесі және тосап пен шайдан (чай с вараньем) дәм татуға мүмкіндік болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button