Жаңалық

ҚАЗАҚ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІ

Сондықтан да болар, шеттен келген адамдар ХVІІІ-ХІХ ғасырлар бойы қазақ халқының өмірі мен салтын бақылап, халықтың өнерге деген қабілетін, суырып-салма ақындығын, еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ән-күйге деген әуестігіне таңдана қараған.

Ерте заманнан бүгінгі күндерге дейін әуен және ән өнерінің шыққаны туралы қазақ халқының аңызы бар.Бұл аңыз бойынша, әуеде қалықтаған құдыретті ән көшпенді қазақтың ұлы даласынан ұшып бара жатып төмендеген, сондықтан оны естіген халықтың табиғатынан бойына музыкалық қабілеті дарыған.

Тағы да бір халықтың айтуында «Жаратқан Тәңір әр қазақтың жанына туылғанынан күйдің бөлшегін салған», – дейді.

Қазақ халқы әр қоғам мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай, әуен аспаптары, оның түрлері, құрамы және орындау ерекшеліктерін қалыптастыра білген. Жас балалар шеберлердің қолымен жасалған, сыртын жылтыр бояулармен бояп, әр түрлі өрнектермен әшекейлеген, әр түрлі аңдардың, құстардың, балықтардың, үй жануарларының бейнесіндегі саз балшықтан жасалған үрмелі аспаптармен ойнап, үйренген. Олар осындай әуен құшағында, анасының бесік жырымен, үлкендердің өсиет- өлеңдерін тыңдап, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, үлкен өмірге аяқ басқан. Содан соң жастардың әуезге, әнге деген білімдері мен шеберліктері әртүрлі отырыстарда қайым-айтыс, тартыс, қара өлең айту арқылы шыңдалып отырған. Есейе келе ән қорына махаббат әуендері, тойларда айтылатын жар-жар, қалыңдықтың қоштасу әні және де аңшылардың аңға шығарда, сарбаз әскерлердің жорыққа аттанарда қолданған – дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптардың үндері мен толықтырылып отырған. Ал, үлкендер өз ән-күйлерінде елдің бірлігі, халықтың мұң-мұқтажы, салт-дәстүрі мен айтыстарды өз руларының жеңіс, жетістіктерін жырға қосып жырлаған.Ақсақал, қариялар әуен арқылы жастарға өнеге-өсиет, өмірдің өткінші, бақыттың баянсыз, жалындаған жастықтың да жастығы қисайып, қарттықтың кіретінін терең ойланып, түсінуге шақырған.

Міне, ғасырлар бойы көшпенді қазақ халқының жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келе жатқан ән-әуен өнері осындай болса керек. Сондықтан да бұл халқымыздың тарихында ерекше орын алмақ.

ХХ ғасырдың басына дейін, қазақ халқының рухани байлығы әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке, өткеннен болашаққа тек ауызба- ауыз беріліп отырған. Көшпенді, жартылай көшпенді өмір де халықтың музыкалық дәстүр мен саз аспаптарын, сондай-ақ көркем өнердің бір тамаша үлгісі ретінде ауызша және ақындық өнердің дамып қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Бастапқы даму кезеңінде халық музыкасы діни және тұрмыс-салт, дәстүр сабақтастығын жырлауға арналған құрал ретінде қаралды. Қазақ халқының ұлттық этнос ретінде қалыптасу кезеңінде жыраулардың жыр толғаулары көбінесе ата-баба дәстүрімен батырлық- ерлікті дәріптеуге көп арналған. Қыл қобыз бен домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын мыңнан аса жыр жолдары төгілген, жүзден аса маржан жырлар халық есінде жатталып қалған. Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі тарихында ойып орын алатын «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер -Тарғын», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу», «Еңлік-Кебек» және ерліктің белгісі, ұлттың алтын қазынасы ретінде жеткен.

Кейінірек пайда болған күй өнері де өзінің тылсым табиғатымен тәнтті еткен. Дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың тұрғаны айдан анық.

Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей боласың. Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуен- бұл тәңірге жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым күштері мен аруақтарға арнаулар.

Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап отырған мүсіндер, домбыраның шығу тарихының көнеден басталатындығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып отыр.

Домбыра мен сыбызғы саздарының ежелгі үлгілері ретінде жеткен күй дастандары өте көп. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Жорға аю», және қайғы-мұңға толы «Зарлау», «Жетім қыз». Бұл күйлерде ежелгі көшпенділердің діні, салт-дәстүрі, қуаныш-қайғысы мыңдаған ғасырлар бойы сақталып, бізге жеткен.

Тек ХІХ ғасырда қазақ музыкасы діни әуендерден арылып, толық қанды көркемөнер саласы болып дами бастады. Осы кезеңде аспаптар ақындар айтысы, өлең өнері халық арасында кеңінен тарап, рухани қолдау тауып, қарқынды алға басты. Әртүрлі жанрлар қалыптаса бастады.

Кең байтақ Қазақстан өңірінде әр түрлі сазгерлер мен орындаушылар мектебі ашылып, әр өлкелердің әуендері жарық көрді.

Мәселен, Батыс Қазақстан төкпе күйдің отаны саналса, Сарыарқа өңірі дәстүрлі ән орталығы, оңтүстік өңір жыраулық, шешендік сөз өнері, ал Жетісу ақындар айтысын дамытты.Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаев аттары тек қазақтың емес, әлем музыка мәдениетінде ойып орын алған.

Олардың шығармашылығы өзіндік жарқын стилімен және музыкалық қайталанбас таңбаларымен қазақ классикалық музыка мәдениетінің мақтанышына айналды.

Қара халықты құдыретті музыка үнімен сусындата отырып, олардың өздері де халық арасында үлкен құрмет пен ілтипатқа ие болған. Олардың ең талантты, үздіктеріне халық сал, сері атағын берген.

ХІХ-шы ғасырдың қазақ кәсіби музыканттары өздерінің музыкалық шығармаларын орындауымен қатар, сөз өнері, импровизация, өте жоғары дәрежедегі вокалдық техника, музыкалық аспаптарда виртуоздық орындауымен, театр және цирк өнерінің элементтерін араластырғаны орта ғасырдағы Батыс Европа музыканттар арасында дамыған жанглер, трубадур, трувер, мейстер, миннизингерлер өнерімен бір дәрежеде қарастыруға болады.

ХХ-шы ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкалық жаңа формалар және жанрлармен байытылды. Азғантай уақыт аралығында бүкіл классикалық Европа музыка өнерін-операны, симфонияны, балетті, контатаны, ораторияны, ансамбльді, оркестрді, хор орындаушылық формасын меңгеріп қана қоймай, жазбаша типтегі музыка өнерінің жаңа кәсіби сазгерлік мектептерін ашты.

ХХ-шы ғасырдың 30-40 жылдары қазақ ұлттық мәтінді музыкамен және европалық классикалық музыканы-органикалық синтез жасау арқылы қазақ опера өнерінде Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абайы», М. Төлебаевтың «Біржан мен Сара» классикалық туындылар дүниеге келді. Бұл туындылардың драматургиялық және музыкалық негізі қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың бай қорынан алынған болатын.

60-70-ші жылдары республикада европалық аспаптық музыканың қиын жанры- симфонияның дамыған уақыты. Формасы жағынан классикалық симфонияға келетін Ғ. Жұбанова мен К.Кужамьяровтың симфониялық күй синтезі өмірге келді.

Әсіресе ғалым- фольклорист Б. Сарыбаев жаңғыртқан қазақ халқының ежелгі ұмыт болған музыка аспаптарын құрамына енгізген «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі халық арасында үлкен беделге ие болды. Бұл жерде оркестрдің басшысы- дирижері, сазгер, домбырашы Н. Тілендиевтың сіңірген еңбегі өте зор.

Қазіргі заманда Қазақстанда музыка өнері әр түрлі салада дамып келе жатыр. Европалық орындаушылық және композиторлық творчестволық жанрдан басқа республикамызда басқа рок, эстрада, джаз және әлемдік діни музыкалық концессиясы, фольклор, ауызша кәсіби орындаушылық шеберліктері дамыған ұйғыр, неміс, кәріс, дұңған, орыс, татар музыкалық ұжымдары бар.

Қазақстан – орындаушылық таланттары жағынан әлемдік классикалық музыка дәрежесіне көтерілген Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Г. Есимова, Ә. Дінішев, Г. Қыдырбекова, А. Мусаходжаева, Ж. Әубакіровалардың отаны ретінде белгілі, сондай-ақ М. Бисенгалиев, Е. Құрманғалиев, апалы-сіңлілі Нақыпбековалардың шет елде ұйымдастырған қазақ музыкалық диаспоралары да өз жұмысын жалғастыруда.

Халық тәрбиесі ғасырлар бойы сараланып, ой-арманның тіршілік тынысы мен шаруашылық кәсібі мен отбасы, аймақтық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие, салт-сана, өнер-білім, тарих дәстүрімен байланыста болып, үнемі өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан әлеуметті-философиялық тарихи-педагогикалы, мәдени көркемді, музыкалы-эстетикалы мұра болып қалыптасты.

Осы тұрғыдан қарағанда қиын-қыстау, өсу, даму кезеңдерін бастан кешірген қазақ халқының өткен шағы мен болашағы ұрпаққа әлеуметтік мәдени мұра қалдыра отырып, сол мәдени көркем мұраның салаларын жастардың бойына дарытып, жүрегіне ұялатып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру. Әлеуметтік мәдени мұра неғұрлым бай, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгі мәдениет мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән- мағынасы терең, мақсаты айқын, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой-толғаныстары күшті қауым, жан-жақты дамыған ерекше тұлға тәрбиелейтін боламыз.

Қазіргі Қазақстан Республикасының аймағында жүргізілген археологиялық қазбалардың, тарихи зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, көшпелі сахарадағы тайпалар тек малшы, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші, суретші, ұста, зергер, әнші, жыршы, термеші, айтыскер, әрі домбыра, шертер, қобыз, шаңқобыз, саз, қурай-сырнай, жетіген, асатаяқ, т.б музыка аспаптарда ән-күй мәдениетінің жоғары дәрежеде дамығандығын байқау қиынға түспейді.

Қазақ халқының музыкалық қазынасы үшінші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне дейін өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпенділердің руханияттық және эстетикалық талғамдарына сәйкес ұлттық діліміздің сарқылмас бұлағына айналуда. Көне музыкалық-поэтикалық нұсқалар -ұмытылмас бабалар даналығы, ғасырлардан жеткен өшпес сарын. Теңдесі жоқ рухани байлығымыз ауызекі түрде қалыптасып, әр заманда сұрыпталып, тек өзіне тән сұлу да сүйкімді әуенімен, қайталанбас ұлттық ерекшеліктерімен, сан түрлі бояуларымен ХХІ жүзжылдықта өз жалғасын табуда.

Кашканова Р.

Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап еліміздің төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан -ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды. Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен мұңын музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т.б ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық- әлеуметтік тақырыпқа арналған оқиғалы желіде туған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button