Жаңалық

ӨНЕГЕЛІ КЕЗДЕСУ

Өздеріңізге мәлім, бірнеше кезеңнен тұратын зерттеулер мен экспедициялар нәтижесінде халықаралық ғалымдармен Мыңжылдық – Маңғыстау тарихы дәлелденіп, күні кеше өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы Маңғыстау Мыңжылдығының бастау алғанын жария еткен болатын.

Осы мақсатта аймақ жастары тарихи бастаманы қолдап, Маңғыстау өлкесінің тағылымын кейінгі ұрпаққа дәріптеу, жастарымыздың бойына тарихи сана қалыптастыру, әрбір жасты отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, төл мәдениетімізді өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатында 5 маусым күні облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Көгез» этно ауылында «Мыңжылдық МАҢҒЫСТАУ, Туған жер – Ugrade» жастар лагерін өткізді.

Бұл – рухқа тағзым, ата-баба аманатын орындау, жеткіншек ұрпаққа өнеге, ел үшін үлкен мақтаныш, тарих үшін тұғырлы іс.

Лагер барысында ұлттық ойындар (асық ату, арқан тарту, жамбы ату, көкпар, тоғызқұмалақ, ұршық иіру, аударыспақ, теңге ілу) ойнатылып, Шерқала – Айрақты тауы, Қызыл қала тарихи жеріне жастар саяхаты және жастардың экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Ағаш үй маңына дарынды суретші Бекежан Мерейдің картиналары қойылып, «Өнер» колледжі суретшілерінің пленері ұйымдастырылды.

Ұлттық тағамдар (бауырсақ, шұбат, құрт, балқаймақ, ірімшік) қойылып, өнерпаздар ұлттық аспаптта жыр-терме айтып, күй шертті.

Жастар ІТ блогер Тимур Бектұрдың туризм және кәсіпкерлік тақырыбындағы семинар тренингіне қатысып, жобалармен жұмыс жасады.

Лагерде Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов белсенді бір топ жастармен еркін пікір алмасып, жастардың туризм және ауыл шаруашылық салаларындағы маңызды идеяларын тыңдады.

Кездесу соңында жастар аймақ басшысымен бірге «кешкі алауға» қатысып, естелік фотоға түсті.

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» орталығының баспасөз бөлімі

Басқа материалдар

Back to top button