Жаңалық

БИЗНЕС ПЕН ТАБИҒАТ ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ ӨМІР СҮРЕ АЛА МА?

Дүкенде сауда жасаған уақытта қолыңызға қағаз түбіртекті (чек) сатушы бірден береді. Бір уыс қағаздың заң бойынша күші әжептәуір. Сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылған жағдайда, осы түбіртекке қосып арыз жазып, сот органдарына жүгінуге толық құқығыңыз бар. Алайда, «бір жақсының артында міндетті түрде бір жаман» тұрары анық. Америкалық баспасөз басылымдарына сүйенсек, сіз қолыңызға түбіртекті алған секундтан бастап тері арқылы қан тамырларына бисфенол-А қауіпті заты енеді екен. Адамның организміне енген Бисфенол-А түрлі қауіпті ауруларды тудырады. Соның ішінде, қан ауруы, диабет, обыр аурулары, жүрек-тамыр аурулары және семіздік. Еуропаның көп мемлекеттерінде және АҚШ пен Канада елдерінде құрамында қауіпті заты бар пластик заттарды айналымға шығару біртіндеп шектеліп келеді.

Құрамында қауіпті заттары бар түбіртектердің орнына нені пайдаланамыз? Альтернатива бар ма? Жаһандық экономиканың, технологияның дамуымен қатар еліміздің жастары да дамып, өз көзқарастарын әлемдік нарықпен тең ұстауға ұмтылу үстінде. IT-технологиялардың бір орында бір күнде тұрмайтын уақытта, осы салада жарыққа шығып жатқан жаңалықтарды қарап үлгеру де мүмкін емес. Сондай жастармен тілдесіп, олармен танысқанда өзіңнің әлемдік технологиялардан алыстау екеніңді, әлі де болса өзің үйреніп қалған дүниелерге байланып қалғаныңды аңғарасың. Жас буын, жаңа буынның ел экономикасының дамуы үшін қосатын үлесі зор. Соны ASTANA HUB технологиялар паркінің резиденттерімен танысқанда білдік.

Ербол Қалиасқаров сату бойынша директоры:

«Біздің командамыздың ойлап тапқан кассалық аппараттың электронды нұсқасы дәстүрлі кассалық аппараттарға біздің елде және әлемде жоқ аналог. Бүгінгі күні әлемнің әрбір тұрғыны өзін смартфонсыз елестете алмайды. Қалтаға сыйып кететін байланыс құралын зерттейтін болсаңыз, оның атқара алатын функциялы өте көп. Соның ішінде тілдесу, жазу, суретке түсіру, фотошоп жасау, кітап оқу, жүктеу және тағысын тағы. Яғни смартфон – ол сіздің жеке әлеміңіз, ол жеке әлемді қоршаған ортамен байланыстыру үшін біз сияқты IT-командалар түрлі мобильді қосымшаларды ойлап табуда. Біздің мобильді қосымшамыз сұраныстың болуынан пайда болды. Соңғы жылдары адамзат қоршаған ортаға өте көп залал алып келуін ұдайту үстінде. Соның ішінде ең үлкен қатер – пластиктан жасалған заттар. Пластиктан жасалғандардың ұзын-сонар тізімнің ішінде дүкендерде берілетін қолма-қол түбіртектер де бар. Біріншіден, олар адам денсаулығына өте зиян болса, екіншіден қоқысқа тасталған түбіртектер жерге сіңбейді. Табиғатты ластау проблемасын шешу үшін өзіміздің үлесімізді қазақ елінің атынан жасағанды жөн көрдік. Мобильді қосымшаның өзіне келетін болсақ, электронды фискалді чектерді сатушы мен сатып алушы арасында жүзеге асыру республикамыздың заңды жүзінде мақұлданған нәрсе. Яғни қағаз чектерін пайдаланыстан ысырып, электронды чектерге көшу біздің мақсат. Жалпы, электронды чектермен жұмыс барысы қалай жүретінін түсіндірейін. Сатып алушы белгілі бір соммаға дүкеннен зат сатып алады, тауардың құны төленгеннен соң оның телефонына тауардың чегі келіп түседі. Бір ескеретін жайт, сатып алушының телефонына түскен чектің екінші данасы сол бойда жергілікті салық комитетінің базасына тіркеледі. Салық комитетіне әр сатып алушының чегі келіп тіркелген кезде, бизнес иесінің күнсайынғы, айсайынғы сауда айналымының есебі шығып отырады. Бұл дегеніміз электронды чектердің салық органында тіркелуі кәсіпкрлерді мөлшерден тыс қағазбастылықтан арылтары анық».

Электронды чектердің қосымшасы кәсіпкерлер үшін де пайдасы мол. Кассалық аппаратқа шығынданбай, сәйкесінше мобильді қосымшаны телефонына немесе компьютеріне жүктеп алса болғаны. Бизнесін дөңгелетіп отырған әр адам ай сайын, тоқсан сайын салық комитеттеріне барып, есеп тапсыратыны тағы бар. Қағазға толтырылатын түрлі есеп-қисаптар ертеңгі күннің еншісінде қалу керек. Тіпті, тұтынушы сатып алған тауарынан он төрт күннін ішінде бас тартса, бұрынғыдай өтініш толтырып, жеке куәліктің көшірмесімен бірге салық комитетіне қосымша есеп тапсыру да артта қалады. Мобилді қосымшасы бар сатушы дүкенге қайтарылған тауардың ақшасын тұтынушыға табыстап, сол мезетте салық комитетіне компьютердің бір пернесін басу арқылы хабарлама жібере алады. Артық уақыт, артық ресурстар жұмсалмай, табиғат пен адамдар арасында келісімділік пайда болады. Технологиялар самсап тұрған уақытта қағаздарға тәуелді болу дұрыс емес.

Ербол Қалиасқаров сату бойынша директоры:

«Кәсіпкерлер үшін қосымшамыз өз өмірін жақын арада бастағандықтан, әзірге шағын бизнес өкілдері үшін біздің қызметіміз тегін. Бізге қолдау көрсеткен мемлекет. Мемлекет тарапынан “ASTANA HUB” IT-стратаптар технопаркі. Қолдау көрсетіп, біздің жас командамызға сенген мемлекетіміздің сенімін ақтау мақсатында, біз белсенді түрде жұмысқа кірісіп кеттік. Тіпті, біздің технологиялар саласындағы білімімізді жетілдіру үшін Ресей мемлекетінен келген мамандар мобильді касса қосымшасына таң қалып, қызығушылығын білдірген еді. Көршілеріміздің ашық қызығушылығын көргеннен соң командамызда жаңа мақсат пайда болды. Республикамыздың аумағын электронды касса қосымшасын енгізумен қатар, жақын шет ел нарығын да бағындыру».

Өздері жас та болса, алға қойған мақсаттары орасан кәсіпкерлердің атқарып жүрген жұмыстары ауыз толтырып айтарлық. Өздерінің ойлап тапқан дүниелері қарабасына пайда әкеліп қана қоймай, қоршаған орта мен адамзатқа зиян келтірмеуінің өзі үлкен гуманизм. ХХ ғасырдың бизнесмендері «өзіме көп пайда түссе екен», «бауырымды, баламды қайсы бір салаға орналастырсам екен», «қымбат көлік мініп, зәулім үй тұрғызсам екен» деген ойлармен шаруаларын дөңгелеткен болса, қазіргі заманның жастары әлемнің жағдайымен, адамзаттың халімен санасады. «Қоршаған ортаға зияным тимесе екен», «Сатып жатқан, шығарып жатқан затым табиғатпен үндессе екен», «Тауарымды пайдаланған тұтынушыларымның денсаулығы зардап шекпесе екен» деген ойлар заманауи кәсіпкерлердің көкейінде жиі кездеседі. Бір күнде болмаса да, біртіндеп, жылдар өткен соң ғана шығар, бірақ гуманизмге толы бизнес әлемдің аренада және біздің елде де өз орнын нық алар. Бүгінгі күннен бастап жасалған алғашқы қадамдар жақын болашақта бойын тік түзеріне сеніміміз мол. Ең бастысы IT-саласындағы жас кәсіпкерлерді қолдау мемлекет тарапынан және қоғам тарапынан үзілмесе екен. Жастар, жас кәсіпкерлер бізге арқа сүйейді. Тұрақтылығы мен бейбіт аспаны бар зайырлы мемлекетте ғана алға ұмтылған ұрпақ өседі, өңеді!

P.S. Өткен мақаламыз «ASTANA HUB» IT-технологиялар паркіне арналған болатын. Сол кезде технологиялар паркін аралап жүрген сәтімізде, Ербол Әлиасқаровпен танысқан болатынбыз. Өзі жас болса да, көзі жанып тұрған, өзінің ісіне бар жаныммен берілген, өз командасының ілгері жұмыс жасауына бар күшін сарп етуге дайын азамат екен. Елдің тұтқасын, бизнестің тізгінін ұстайтын осындай азаматтар барда біз ұтылмаймыз!

                                                                                                                                        Бибігүл Бөкенбайқызы, Ruh.kz

Оқи отырыңыз: «ASTANA HUB» халықаралық IT – стартаптар технопаркі

шығып отырады. Бұл дегеніміз электронды чектердің салық органында тіркелуі кәсіпкрлерді мөлшерден тыс қағазбастылықтан арылтары анық».

Бибігүл Бөкенбайқызы,

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button