Жаңалық

VII «SAMGAU» халықаралық театр өнері фестивалі

«SAMGAU» театр фестивалі елордалық өнер сүйер қауым тағатсыз күтетін шаралардың бірі. Фестивальде еліміздің және таяу шетелдің айтулы театр ұжымдары бас қосады. Шара қонақтары өздерінің үздік туындыларын театрсүйер көрерменнің назарына ұсынады.

Биыл театр өнері апталығында 15 ұжым өз өнерлерін ортаға салмақ, оның ішінде бесеуі елордалық: «Жастар» театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, «Nomad City Hall» комедия театры мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіловтың театры «SAMGAU» фестиваліне алғаш рет үлес қоспақ.

Сонымен қатар, халықаралық шара барысында Қазақстаннан Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан драма театры (Петропавл), «Жаңа ғасыр» театры (Алматы қ.), Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры (Павлодар қ.), С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры (Қарағанды қ.), Шығыс Қазақстан облысының драма театры (Өскемен) шақырылды. Ал, шетелдік қатысушылардың арасында Өзбекстан мемлекеттік драма театры (Ташкент қ.), «У Моста» Пермь театры (Ресей, Пермь қ.), Жаңа көркем театры (Ресей, Челябі), «Pilies» театры (Литва, Клайпеда қ.), Б. Кыдыкеева атындағы Қырғыз Мемлекеттік жас көрермен
театры (Қырғызстан, Бішкек қ.) бар.

Фестивальдің бәйгесіне түскен театрларды сынайтын, әрі жақсылығын асыратын әділ-қазылар алқасы.

Қазақстанның халық артисі ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ

Өнертану докторы, театр сыншысы, ГИТИС – Ресей театр өнері институтының профессоры – НИНА ШАЛИМОВА.

Театр сыншысы, өнертану кандидаты,Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті АНАР ЕРКЕБАЙ және Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер Қазақ мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі ЕРКІН ЖУАСБЕК.

РКФСР еңбек сіңірген артисі, Ресей халық артисі, «Алтын Витязь» халықаралық кинофорумының президенті НИКОЛАЙ БУРЛЯЕВ.

Ой үстінде отырған Астана “Жастар” театрының актері, жас режиссер Дәурен Серғазин.

Фестивальдің ашылу салтанатына арналған пресс-конференция.

Фестиваль қонақтары…

Фестиваль қонақтары…

Фестивальдің ең жас қатысушылары.

Ruh.kz

Оқи отырыңыз: БАЛА МЕН БАҚЫТ – ЕГІЗ СӨЗ! (ФОТОБАЯН)

КІМГЕ ОЛ КҮННІҢ ОБАЛЫ?! (ФОТОБАЯН)

  • Автор: Ruh.kz
  • Фото: Мурзабекова Джамиля, Ruh.kz

Басқа материалдар

Back to top button