Жаңалық

Зейін ӘЛІПБЕК: Журналистика жолын қайта таңдар едім!

Еліміздің журналистика саласының белді кәсіби өкілдері жас буын тілшілер қауымы үшін үлгі. Кәсіби журналист, телевизия саласының майталманы Зейін Әліпбекпен кездесіп, сұхбат алудың сәті түскен еді. Сол сәтті тиімді пайдалану үшін Зейін Амангелдіұлына, оқырман, сізді толғандырып жүрген сұрақтарды қойдық. Сұхбатқа назар аударыңыздар!

Ruh.kz: Зейін Амангелдіұлы, қайырлы күн! Сіздің журналистика факультетінің студенті атануыңыз қалай болды. Есіңізге түсірсеңіз…

Зейін Амангелдіұлы: Қайырлы күн! Тоқсаныншы жылдары мектеп бітіріп, сол кездегі бас қаламыз Алматыға арман қуып келген едік. Жоғарғы оқу орындарының тәртібі бойынша абитуриент тапсыратын емтихандар легінің алғашқысын үздік деген бағамен тапсырса немесе мектепті үздік тәмамдаса жас түлек студенттер қатарына бірден қабылданатын еді. Мектеп бітіру аттестатымда көп «бестің» арасында орыс тілі пәнінен алған бір ғана «төрттігім» болған еді. «Қызыл аттестаттардың» қатарына енбесем де, абитуриент ретінде университетте тапсырған алғашқы емтиханымнан «өте жақсы» деген бағаны алып, студенттер қатарына автоматты түрде қабылданған едім. «Өте жақсы» бағасын қазақ әдебиеті пәні емтиханынан шығарма жазып алдым. Алайда, бір емес, барлық емтихандарды тапсыратын жағдай болса да оқуға ілігер едім.

 

Ruh.kz: Журналистика факультетінің студенті атанып, біліміңізді шыңдадыңыз. Алғашқы мақалаңыз есіңізде ме?

Зейін Амангелдіұлы: Әрине есімде. «Газет ісі және мерзімдік басылым» кафедрасына қарасты бірінші курсты тәмамдаған соң Оңтүстік Қазақстан облысының «Отырар алқабы» аудандық газетіне тәжірибеден өтуге жолдама алған болатынмын («Отырар алқабы» газеті өзінің жұмысын әлі күнге дейін де тоқтатпаған). Алайда, алғашқы мақалаларым студенттік кезде емес, мектеп қабырғасында жүрген жылдары жарық көрген. Мектеп оқушысы болған жылдары да осы газет редакциясына өзімнің шағын ақпараттық мақалаларымды тапсырып отырған едім. Газеттің басылымдық жұмысын, ішкі «кухнясымен» танысу мектеп қабырғасынан басталды. Мектеп оқушысы болған соң мектеп қабырғасында өткізілетін іс-шаралары, қызықты мерекелік концерттері, мектеп оқушыларының түрлі жарыстардан алып келген сыйлары сияқты ақпараттық тақырыптар менің шығармашылығымның алғашқы мақалалары еді. Алғашқы мақаламның қатарына ауылымыздың пошта қызметкері болған Еркінбек ағай туралы жазған жолдарды да жатқызуға болады. Тақырыбын «Пошташы Еркінбек» деп қойып, ағайдың атқарып жүрген еңбегі, елгезектігі, ісіне мұқияттылығы, ауыл тұрғындарына газет-журналдарды уақытылы жеткізуі туралы сөз қозғаған болатынмын. Еркінбек ағай жазған мақалама риза болып, алғысын айтқан еді.

Ruh.kz: Зейін Амангелдіұлы, сонда сіз студенттік жылдары «Газет ісі» бағытын алға қойған болсаңыз телевизия саласына қалай келдіңіз?

Зейін Амангелдіұлы: 1996 жылы жиырма үш жасымда оқуымды аяқтап, жан-жақтан жұмыс іздей бастадым. Мерзімді басылым құралдары өз редакцияларына бірден қызметке шақырды. Сол екі арада жаңа телеарнаның ашылғандығы туралы хабар алғанмын. Жаңа телеарнаның аты – «Хабар» еді. Ол кезде арна тек қана жаңалықтарды таратушы болды. Бағымды сынап көру үшін телеарнаның ғимаратына аяқ бастым. Алдымнан сол мезетте шыққан Тілеуқабыл Мыңжасар ағамыз мені Ақылбек Сансызбайұлы деген адамға жолықтырды. Ақылбек ағаймен сөйлесіп болған соң мені телеарнада «қалдыратын болды». «Сынақ мерзімімен» арна қызметкерлері қатарына қосылдым. Арнадағы жұмысым қатардағы тілші ретінде басталды және де әрі қарай да солай болады деп ойладым. Қатардағы тілші болудан басқа биік мақсаттар болмаған еді. «Полевой» журналист болып жарты жыл жүрдім. Сонда «Хабар» агенттігінде әр сюжет үшін төленетін қаламақы құны 500 теңге болатын (күлді). Сол жылдар үшін аз қаражат емес болатын. Тележурналист болудың қызықты сәттері түсірілімге шығып, сюжет жазу. Кейде қалада өткізілетін шаралар болмай қалады. Сондай уақытта өзіміз тақырып іздеп кететін едік. Соның барлығы да тәжірибе, қызыққа толы жас журналисттің уақыты… Жарты жылдан астам уақыт «сынақтан өтуші» болдым. Сынақ мерзімі аяқталған соң арнаның қатардағы заңды мүшесіне айналдым. Бір жылдай жаңалықтардың тілшісі болып жүрдім. Сол аралықта арнамыздың тікелей эфирде шығатын шағын бес минуттық «Бизнес хабар» атты бағдарламасы көрерменге жол тартты. Бағдарлама екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) шықты. Қазақ тілді нұсқасын білікті журналист Мұрат Қожамқұлов жүргізетін еді. Мұрат сол арада Ресейдің Мәскеу қаласына меншікті тілші болып ұзақ мерзімді іссапарға жол жүретін болды. «Бизнес хабарға» жаңа жүргізушіге іздеу салынды. Арна басшыларынан «осы хабарды жүргізесің бе?» деген ұсыныс түсті. Рас, басында тартыншақтандым. Себебі, оған дейін телеарнаның жүргізушісі, соның ішінде тікелей эфирдің жүргізушісі болып көрмеген адаммын. Ойлана келе, нартауекелге бел буып бағдарламаның тізгінін өз қолыма алдым. Сол сәтте бес минуттық бағдарламаның артында «қорытынды жаңалықтардың жүргізушісі позициясы туындайды» деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. «Бизнес хабардың» эфирін бір жылдай жүргіздім, содан соң «Хабар» арнасының тікелей эфирдегі қортынды жаңалықтарын жүргізіп жүрдім. Алайда, осының барлығы да жетістік, тосыннан келген сый деп қараған емеспін. Бұны менің қызметім, атқарып отырған жұмысым деп қарадым. Телеэфир жүргізу журналисттің тікелей жұмысы.

 

Ruh.kz: 1996 жылдан 2015 жылға дейін телеарнаның қорытынды жаңалықтарының тізгінін ұстадыңыз. Өткен жылдың күзгі маусымында телевизия майталмандары қазақ эфиріне қайтып келді. Олардың қатарында сіз де болдыңыз. Бұл ақпарат ел ішінде көп айтылды…

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button