Жаңалық

ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: АЙЫЛБАСТАР МЕН ЦИЛИНДРЛІ ҚЫНАП ҚАП

Айылбастар не мағына береді? Көнеден қалған бұйымдарда не бедерленген?

ТІКБҰРЫШТЫ-ПІШІНДІ АЙЫЛБАСТАР (ТҮПНҰСҚА)

Есік қорғаны, ж.с.д. IVIII ғғ.

Екі көлденең жұқа тақтайшадан жасалған тікбұрышты-пішінді айылбастар қалыптама өрнек түрінде жасалған. Жапсырмаларының арасында үш шығыңқы, тіл тәрізді дөңестерден жасалған бірінен-бірі бөлек екі пішін орналасқан. Әрбір айылбаста алты саңылаудан бар. Соған қарағанда бұл сәндік әшекей бұйымы жаға мен көйлек жеңдерінің төменгі жағына тігілген.

Көлемі – 2,2 х 3,8 см;

Салмағы – 18 гр;

Материалы – жалпақ алтын;

БӨРІ БЕЙНЕСІНДЕГІ БЕЛБЕУДІҢ АЙЫЛБАС-ҮЛЕСТІРГІШІ (ТҮПНҰСҚА)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Айылбас белбеуге кигізілу үшін арнай жасалған төрт саңылауы бар тікбұрыш түріндегі шұңғыл целиндрлі аласа негізден тұрады. Олар қалып бүйірлеріне айқастыра орналасқан. Оған бүктетіліп домаланған қасқырдың бейнесі шебер қиюластырылған. Айылбастағы бейнелер сол жаққа қаратылып, біржақты жайғасымды берілген. Қасқырдың басы денесіне қарағанда анағұрлым үлкен екені анық көрсетілген. Көздері ұзынша сопақ, құлағы дөңгеленіп келген, бас пішінінің сыртына біршама шығып тұр. Денесінің бүктетіліп домаланғаны соншалық, тіпті төрт салалы алдыңғы һәм артқы аяқтары өткір тырнақтарымен айқастырылып қалған. Құйрығы артқы аяқтарының ортасынан өткізілген.

Айылбас – шомбал салмақты бейнелер бедерлерімен орындалған құйманақыштама. Бөлшектері нақыштарымен айқындала түсіп, бастырылған. Айылбастар арнайы пішінді қалпына құю техникасында дайындалған.

Көлемі – 2,8 х 2,4 см;

Салмағы – 41,40 гр;

Материалы – алтын;

ЖОЛБАРЫСТЫҢ БЕТ ПІШІНІ ТҮРІНДЕГІ ЦИЛИНДРЛІ ҚЫНАП ҚАП (ТҮПНҰСҚА)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Қылышты бекітуге арналған белдік әшекейі. Қынапта қарсы қарап тұрған жолбарыстың басы бейнеленген. Әшекейдің қарсы беті тегістелген. Қынабының аузы бедерлі білікшемен көмкерілген нақыштама. Жолбарыс басының әр бөлшегі биік бедерде егжей-тегжейлі орындалған. Басы нобайлап салынған алдыңғы табандарында жатыр.

Көлемі – 1,8 х 1,7;

Салмағы – 6 гр;

Материалы – алтын, құйма;

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button