Жаңалық

Мәншүк батыр ескерткіші

Кеңес Одағының батыры, қазақтан шыққан атақты зеңбірекші қыз Мәншүк Мәметованың құрметіне орнатылған ескерткіші туралы мәлімет

Біз, «Батыр» деген сөз тіркесін естігенде, иығы қақпақтай, көзі қырандай өткір, күші мен қуаты тасыған ер-азаматтың бейнесін көз алдымызға елестетміз. Бірақ соғыс ер-азамат, әйел, жас қыз деп бөліп жарып, қарамайды. Оның айқын дәлелі нәп-нәзік Мәншүк ерлігі. Осындай нәзік әрі момын қыздан батырлық қалай шықты? Мәншүк Мәметова, — Кеңес Одағының батыры атағын қалай алды?

Мәншүк 1922 жылы 22 қазанда Орал облысының Жасқұс ауылында дүниеге келді. Балалық шағын Алматы қаласында өткізеді. Мектепті бітіріп, медициналық жұмысшы факультетке, ал кейін Алматының медициналық институтына оқуға түсіп, осымен бір мезгілде Республика Халық комиссарлары кеңесінің хатшылығында жұмыс істейді. Мәншүк Мәметова Мәскеудегі шеруге барып, Қызыл алаңды, кесене мен Кремльдегі Спасск мұнарасын көріп қалсам деп армандап жүреді. Астанаға кететін күн де жақындай берді. Бірақ оның орнына басқа күн келді… Ол, соғыс басталған күні еді. Гитлершілер Севастопольді, Одессаны, Киевті бомбалап, Мәскеуге қауіп төндірді. Әскери уақыттың қауырт өмірі басталды. Қатал шайқас Алматы қаласынан мыңдаған шақырым жерде болып жатса да, оқиғаның елесі онда да байқалған еді. Дауыс зорайтқыштардың қасында жұрт топпен жиналып, соңғы жаңалықтарды тыңдап тұратын. Әр күн Отан үшін уайымды ойларға толы болды.

Қазақ халқының үздік ұлдары жаумен күресу үшін майданға кетті. Басқалар тылда қару-жарық пен оқ-дәрілерді әзірлеп, далаларда жұмыс істеді. Отан соғысының лапылдаған отының ішінде болғанда, Мәншүк Мәметова бей-жай қарай алмайтын еді. Ол да әскери комиссариатқа сенімді түрде барып, жауынгерлер қатарына жазылды. Бірақ оны қабылдамады. Осылай, күндер, апталар, айлар өтіп кетті, 1942 жылдың жазы да аяқтады. Мәншүк Мәметова майданға өз еркімен барұға рұқсат сұрады. Мылтықтан атуды жақсылап үйреніп, медициналық курстарды бітірсем деп қалады. Арасында бірнеше күн өтіп, Мәметова әрекеттегі армия қатарына қосылды. Ол снарядтардың жарылуын бұрын да естіген, әуе шабуылын да көп рет көрген, бірақ өз тағдырына риза емес болды. Мергендер бөлімшесіне өзін жіберуін сұрады, бірақ Мәншүкті бөлек мергендер бригадасы штабының тұсында хатшы етіп, қалдырды. Осымен ол үндемей келісті, бірақ өз дегеніме жетемін деп шешіп, майдан өмірінің қай бөлігінде Отан үшін көп пайдасын тигізе алады деп ойланып жүрді. Командир тексеріс жүргізгенде, ол басқа әскерлердің қатарында бастапқы позицияны алып, сабырлы мен өзіне сенімді болды. Мәметова нысанаға қарап атқанда, ол көз алдына фашисттер бейнесі елестеді, өйткені егер сенің алдында жау болса, онда қате жасауға ешқандай мүмкіндік жоқ. Бірде-бір оқ нысанаға дәл тигізбей өтпеді. Ол үздік пулеметші болып, Калинин майданы 3-ші екпінді әскерінің 21-ші гвардеялық атқыш дивизиясына қабылданды. Соғыс күндері басталды. Барлаулар, атыстар, шағын айқастар. Мәметова пулеметті қолынан жібермеді. Бірінші шайқаста Мәметова гитлершілерді жақын жолатып, фашисттердің шабуылына қарсы тұра алды. Бұл оқиғаның салдарынан атқыш дивизия жауынгерлері оны құрметтей бастады. Бірақ соғыс — бұл әскери әрекеттер ғана емес, адамдар өмір сүріп, бір-біріне ғашық бола берген. Мәншүк те ғашық болды. пулеметші Нұркен Құсаинов сұлу әрі мейірімді жігіт тұғын. Мәншүк құрбымен сырласып отырды: «Мен Нұркенді сүйемін. Бірақ қазір сүюге болады ма?». Нұркен-де соғыс кезінде өз сезімдері жайлы айту мүмкін емес деп санады.

1943 жылдың 15 қазанында — Невель түбінде орналасқан Изочи бекеті үшін қаһарлы шайқаста қаза тапты, тағдырдың жазуы осылай болды.

ҰОС жылдарындағы Невель қаласы 1943 жылдың 15 қазанында Калинин майданының әскерлері Псков облысының Невель қаласын босату үшін ұрыс жүргізді. Осы уақытқа дейін Мәншүк Мәметова өзін ұрыстарда шыныққан және ержүрек, тәжірибелі жауынгер ретінде көрсетті. Салқын күзгі таң болды, шайқас өтіп жатқан. Фашисттер әрбір бұта, әрбір шың үшін соғысып жүрді. Олар қарсы шабуылдарға шыға беріп, бөлімшелеріміздің шабуылын тоқтатпақшы болды. Қолайлы позицияда орналасып, батыл пулеметші жаулардың жоспарына кедергі жасады, өйткені өз бөлімшесінің жерінде дұшпандардың шабуылдарын жоққа шығарған. Жалғыз ғана қалып, 70-ке жуық қарсыласты жойып жіберіп, қаһарман ретінде қаза болды. Ұрыстан кейін Невель қаласында жерленген. 1944 жылдың 1 наурызындағы КСРО Жоғарғы Президиум бұйрығымен Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button