Мақала

Республикалық маңызға ие киелі жерлер

Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші.

Кесене XVI – XVII ғасырларда салынған Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан.

 

Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Кесене XVI – XVII ғасырларда салынған.  Ибраһим ата – атақты Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем ретінде танылған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен уағыз айту қабілеті жайлы аңыздар көптеп тараған. Кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап, XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі жарамсыз болып, басқа қалыпта қайта жасалды.

https://www.youtube.com/watch?v=ZSCgREnXW2I&feature=youtu.be

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button