Мақала

Шетел журналистері Түркістанға табан тіреді

Киелі қазақ даласындағы кезекті қонақтар

Шетелдік журналистер өз оқырмандары мен көрермендеріне Отырар қаласы туралы, Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелері туралы ақпар береді.

 

Түркістан облысына шетелдік әріптестеріміз табан тіреді. Шетелдік БАҚ өкілдері Отырар қаласында, Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болғаны туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып BNews.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 

Австрия, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Швеция және Швейцариядан келген 20 журналист Қазақстанның рухани астанасындағы тарихи-мәдени көрнекті орындармен танысқаны туралы хабарланды.

 

Айта кету керек, ҚР СІМ еліміздегі саяси және экономикалық оқиғалармен бөлісу мақсатында шетелдік корреспонденттердің қатысуымен баспасөз турларын тұрақты ұйымдастырып келеді.

«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясында өтетін баспасөз туры да туризмді дамытуға және Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

 

Аталған баспасөз турын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде ілгерілету аясында ұйымдастырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button