Мақала

«Тіл – болашақ есігі» жобасы

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам» – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізуды тапсырған болатын.



Бүгінде тапсырмаға сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс бойынша «Тіл – болашақ есігі» жобасы жүзеге асырылуда.

 

Жоба аясында облыс бойынша аудан, қалаларда 16 тілдерді дамыту және оқыту орталықтары ашылып, жергілікті ересек тұғындарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқытып үйретуде.

 

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 14,3 пайызға жетті. Бұл түрлі саладағы 1253 маман.

 

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 10 аудан, қалалардағы қазақ тілі оқытушылары латын әліпбиі негізді қазақ тілінің жаңа емлесінің құрылымы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында өткен 72 сағаттық курсты оқып келді. Қазіргі таңда облыс бойынша түрлі салалардан 603 қызметкер латын негізді қазақ тілінің жаңа емлесін оқып үйренуде. Өз кезегінде келесі толқынды оқытатын болады.

Түркістан облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button