Мақала

«Қазақстанның мәдени мұрасы» экспедициясы

Ағымдағы жылдың 21 тамыз күні ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Қазақстанның мәдени мұрасы» атты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының музыкалық-этнографиялық экспедициясы өз жұмысын бастады.

Іздестіру экспедицияларындағы жұмыс түрлері – далалық зерттеулер, дәстүрлі орындаушылармен шығармашылық байланыс орнату, материалдарды іздестіру, жиналған материалдар бойынша ғылыми жинақтар мен концерттік бағдарламаларды дайындау. Сондай-ақ, экспедициялық материалдардың цифрлық мұрағатын толықтыру мен дамыту, ғылыми және педагогикалық міндеттерді атқару үшін қызмет етеді.
Сондай-ақ экспедиция жұмыстары қолдануға арналған фольклорлық-этнографиялық дерек көзі ретінде далалық зерттеулердің нәтижелері жұмыс барысындағы материалдарды өңдеу және оларды жүйелендіру арқылы жиналған ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімге сақтауға дайындауды көздейді. 20 күндік экспедиция барысында келесі аудандарда болу жоспарлануда: Түркістан облысының Бәйдібек ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтаарал ауданы, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы, Сайрам ауданы, Созақ ауданы, Төле би ауданы, Түлкібас ауданы және Шардара ауданы.
Экспедиция мүшелерінің құрамында: Фольклорлық ғылыми-зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері Пазылова А., докторант Бәбіжан Б., магистрант Балмағамбетова Л., және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының этномузыковедение кафедрасының 3 курс студенті Өмірзақов Мади.

 

Алматы қаласы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button