Мақала

МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.

 

Өткен аптада Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ» атты облыстық жастар оқыту лагері өз есігін барша жастарға ашты.

 

Кез-келген адам, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлға да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар.

 

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр.

 

 

Ондағы мақсат – еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру.

 

Лагерь – Жастар жылына орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын, Ұлттық жоспар бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру аясында өткізілді. Лагерь мүмкіндігі шектеулі жастардың екінші тынысын ашып, жаңа достар табуына, өздерін қоғамға қажетті жеке қайталанбас тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасады.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button