Жаңалық

Жазушылар жиналды

Бүгін елордамызда Азия елдері қаламгерлерінің I форумы басталды.

Форумға Азия елдерінің 300-ге жуық ақын-жазушысы келді.

Олардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары, ұлттық және мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағалары да бар.

Жиынның негізгі мақсаты – Азия елдері арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу.

Нобель сыйлығының номинанттары Моза әл-Мальки (Қатар), Ко Ын (Оңтүстік Корея), Мэнд-ООЕО (Моңғолия), Оңтүстік Азия халықаралық сыйлығының лауреаты Амар Митра (Үндістан), тағы басқа танымал тұлғалар баяндама оқиды деп күтілуде

Сонымен қатар, форум қонақтарының қатарынан  Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері және Жазушылар одағы мен ассоциацияларының Төрағалары секілді тоқсанға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосады.

Форум жұмысы 3 күнге созылады.

TED.9 форматында арнайы шара да өткізіледі. Онда 10 спикер дәріс оқып, еркін форматта сұхбаттасады.

Абай көшесінің бойында «Қаламгерлер аллеясы» ашылады.

Орталық Азия қаламгерлерінің кездесуі өтеді. Онда Ұлы Жібек жолы бойындағы әдебиеттің болашағы туралы айтылды.

Форум шеңберінде жас Азия қаламгерлерінің кездесуі де жоспарланған.

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button