Мақала

Оркестрлер фестивалі

Алматы қаласында Оркестрлер фестивалі өз шымылдығын ашты.

 

Әсем Алматының шырайлы кешінде ашық аспан астында екі күн бойы өтетін оркестрлік музыка «Оркестрлер фестивалі» өз шымылдығын Түркештің «Көңіл ашар» күйімен ашты. Сахнада Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі және «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі Сүгір, Дәулеткерей, Құрманғазы, Н.Тлендиевтің күйлерімен қатар Үкілі Ыбырай, Байжігіт, Е.Брусиловскийдің т.б. қайталанбас шығармаларын ашық аспан астында шарықтатты.

 

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең әсерлі сәт – аспаптар шеруін тамашалау – шекті, ұрмалы, үрмелі, шертпелі аспаптардың сипаттамасын экраннан көре отырып, орындалу сырларына тәнті болды.

 

Фестивальдің екінші күні сахнаға Алматы қаласы әкімінің эстрадалы-симфониялық оркестрі үшінші болып қосылып, халық және шетелдің, кинофильмдердің үздік композицияларын жеке орындаушы солистермен бірге тарту етеді.

 

Алматы қаласы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button