Мақала

Вайнерлер мен блогерлер фестивалі өтті

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы).

Отандық танымал вайнерлер мен блогерлер Алматы облысында өткізілген «ZHETYSU VINE FEST» фестиваліне қатысты. Фестивальді Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен өңірлік “Рухани Жаңғыру” жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Фестиваль қатысушылары: T-jokers, Jokeasses, Zheka_FatBelly, Ratbek және  PAZL арнасы.

«ZHETYSU VINE FEST» барысында қатысушылар Алтын Емел ұлттық паркін, Шарын шатқалы ұлттық паркін, Көлсай көлдері ұлттық паркі мен Көлсай 1, Көлсай 2 көлдерін аралады. Сапар соңы Қайыңды көліне саяхаттаумен аяқталды. Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық мәдениетті сақтау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағытын жастарға түсіндіру, насихаттау.

 

Әлеуметтік желілердегі қысқа роликтер мен YouTube каналындағы бейне блогтар арқылы  Жетісу өлкесін барлық қазақстандықтар мен ТМД елдерінің тұрғындарына көрсетуді мақсат еттік.  Алматы облысының туристік және киелі жерлеріне саяхатшыларды одан да көп тартқымыз келеді.

– деді «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкері әрі жоба авторы  Ерасыл Толымбекұлы.

 

 

Алматы облысы, «Рухани Жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button