Мақала

Айтман айтқан асыл сөз

«Бүгінгі қазақ поэзиясының Шыңғыс ханы» деп бағаланған, өлеңдері оқығанның ойын жаулап, сөйлеп кетсе тыңдарманның бойын баурап, арқасын қоздыратын Айтман би — Светқали Нұржан ақын кешегі Сисем Ата асында көсіле сөйледі, жыр оқыды.

 

Қазақ даласында тарихтан мәлім үш пантеон бар. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мен Хан Ордалы Сарайшықтағы хандар бастаған елдің игі жақсылары, билері мен бектері, батырлары мен мырзалары мәңгілік тыныс тапқан кешендермен қатар Сисем Ата қорымы да лайық танылып, жан-жақты зерттеліп, тарихи тұрғыдан бағасы берілуі керек екеніне көпшіліктің көзін жеткізді.

 

Бұл қорымда жерленген даңқты тұлғалардың негізгілерін тізіп тұрып атап шығып, әруағын аунатып, ұрпақтарының рухын көтеріп қойды. Еңселері көтерілген ел ақынының аузынан шыққан әр сөзіне құрметпен қол соғып, қошемет көрсетіп тұрды. Бәйгеде тақым қысып, қиқулап, күресте делебесі қозып, палуандарға жанкүйер болып, жыр-терме айтылып, күй тартылғанда ұйып тыңдаған көпшілік әкімі мен ақынының құттықтау лебіздерін де ықыласпен қабылдады.

 

Қазақ елінің әр түкпірінен арнайы шақырусыз, ниет етіп келген асқа қатысушылар таңданыспен, риза көңілмен қайтқандары сөзсіз.

 

Бес жүйрік пен Жеті қайқының бүгінгі жалғасындай біртуар тұлға, Т.Айбергенов пен Махамбет атындағы сыйлықтар мен «Құрмет» орденінің иегері С.Нұржанның дала сахнасында аудиторияны аузына қаратқан көріністерге куә болыңыздар!

 

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button