Мақала

Үржар ауданының шырайы күн санап көркейіп келеді.

Өткізілген шараны Республикалық «Хабар» агенттігінің жаңалықтар қызметі түсірді.

 

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді.

2019 жылы Үржар ауданы бойынша 89 млн 990 мың.теңгеге жоспарланған 62 жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жоба аясында аудан меценаттарының көмегімен ауыл тұрғындарының игілігіне және туған өлкені абаттандыру мақсатында бірқатар балалар алаңдары, демалыс саябақтары мен аллеялар салынуда.

Осындай игі іс-шара Үржар ауданының Бақты ауылында жалғасын тауып, балалар саябағының ішінде ойын алаңдары орнатылды.

 

Саябақтың ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, жергілікті атқару билік өкілдері, ауылдан шыққан кәсіпкерлер қатысты.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы,

 

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button