Мақала

КҮЛЛІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың қарашасында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаннан бастап елімізде соған орай көптеген мерекелік шаралар, қоғамдық маңызы бар істерге қатысты көптеген конференциялар ұйымдастырып жүргенін көріп-біліп жүрміз.

 

Осының төңірегінде қазір Сыр өңірі – Қызылорда облысында жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Түркітілдес елдер жастарының «ТҮРКІ ӘЛЕМІН ТОҒЫСТЫРҒАН – СЫР ЕЛІ» атты фестиваль өтуде. Аталмыш фестиваль «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық деңгейде болып отыр.

 

Халықаралық маңызы ерекше саналатын әрі рухани жаңғыруға нағыз сеп болатын бұл фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен жастар келіп қасиетті Сыр даласының тарихымен танысып жатыр. Жылдың басты тақырыбы – жастарымыз тек тарих беттерінен хабардар болып қана қоймай, оған жиналған барша түркітілдес халықтармен мол тәжірибе жинауға мүмкіндіктері өте көп. Себебі фистевальге Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Башқұрстан, Әзербайжан секілді бірнеше түркітілдес елдердің шығармашыл және өнерпаз жастары қатысып жатыр. Яғни шара біздің жастарымыз бен өзге елдің жастарының арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуіне көптеп әсер етері сөзсіз.

 

Фестивальге жиналған барша түркітілдес халықтары бір-бірлеріне ұлттарының, мемлекеттерінің ортақ тарихы мен рухани құндылықтарын насиаттап, тәжірибе алмаса алады. Халықаралық шара жастар саясатында оң бастамалар бойынша жастардың басын қосып оларға үлкен мүмкіндіктер сыйлап отыр. Онда келген әрбір жас ішкі туризмді дамытуға өзіндік тәжірибе жинай алады. Оларға әсіресе киелі Сыр өңірі тарихымен тереңнен танысуға жол ашылады.

 

Халықаралық деңгейде өтіп жатқан фестиваль аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы комитеті, облыстық ассамблеяның этно-мәдени орталығының жастары және облыстың белсенді жастарымен бірге кездесу өтіп, келешекте бірлесіп жаңа жобалар жасайтындары туралы айтылды. Кездесу кезінде сондай-ақ, бүкіл түркі әлеміне ортақ болып келетін тарихи мұралар туралы да сөз етілді.

 

Барлығы аяқталған соң жиналған түркі халықтарының жастар қауымы қаладағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалап қайтты.

 

 

Халықаралық фестиваль барлығы үш күнге созылатын болады. Сонымен қатар фестиваль аясында түрлі секциялық жұмыстар мен бірқатар шаралар жалғасады.

 

Қысқасы, тарихты тану арқылы, өзге этнос өкілдерін танып, оларды сыйлау арқылы бір ел тұтас дамиды. Соның ішінде барлық түркітілдес елдерімен достық қарым-қатынасымызды нығайту еліміз үшін өте пайдалы. Сол арқылы біз Елбасы бастаған рухани жаңғыруды іске асыра аламыз деп толық сеніммен айтуға болады. Өйткені түркітілдес елдерінің қай-қайсысы болмасының тарихы бір, тағдыры ұқсас. Ал енді сол өткенді толықтай танып, жаңғырту, сондай-ақ оны келешек ұрпаққа жалғастыру бүгінгі жас ұрпақтың борышы.

 

Қызылорда облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық  офисі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button