Мақала

JETISÝ ETNO STYLE

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын.

Осыған орай, жастар жылы аясында дәстүрлі «JETISÝ ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі 24 қыркүйек күні сағат 15.00-де Талдықорған қаласы, Қаратал өзенінің жағалауында өткізілмек.

Шара барысында тарих пен дәстүр сабақтасып, көшпелілер мәдениетінің айшықты көріністері замнауи қоғамда жарасым табады. Саяткерлер аймағынан бастау алған алаңдар қолөнер шеберлері мен ұсталардың шеберлік сағаты, тұрмыс салттарының көріністері, асық ату, арқан тартыс, жілік тартыс, қол күрес, қазақша күрес, жілік шағу, тоғызқұмалақ, қой көтеру, қымыз party, бауырсақ party, караоке battle сынды байқаулармен, сондай-ақ, балалар алаңы, қолөнер бұйымдарының көрмесі, жастар театрының аймағы, армандар тақтасы, ерекше адамдар алаңы, бампербол, «Жібек жолы» керуені, велотрек, скейтборд, beat box, dance battle, әуе шары, киберспорт, қоян-қолтық ұрыс көріністері, достық биі, баскетбол, алтыбақан, қазақ үймен жалғасын табады.

Тартысты додалар мен қызықты көріністерге толы шара соңы эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертке ұласпақ.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button