Мақала

«Ұлытау – Алтын Орда бесігі»

Алтын Орданың 750 жылдығына орай, Жастар жылы қарсаңында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Орталық Қазақстандағы Алтын Орда кезеңінің ескерткіштерінен «Ұлытау – Алтын Орда бесігі» атты ғылыми-танымдық экспедициясы өткізіледі.

 

Ғылыми-танымдық «Ұлытау – Алтын Орда бесігі» экспедициясын ұйымдастырушылар:

 

–             Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама бөлімі;

–             Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі.

 

 

Өткізілетін күні: 2019 жылдың 23-28 қыркүйегі

Ғылыми-танымдық экспедиция мақсаттары:

 

–        Алтын Орданың тарихи мұрасымен байланысты өлкенің қасиетті жерлерін тарихи және ғылыми-танымдық тұрғыда зерттеу;

–          Отандық тарих білімін қалыптастыру және жас ұрпақты рухани мәдениетке тарту мақсатында тарихи-мәдени және табиғи мұраны насихаттау және бекіту.

 

Ғылыми-танымдық экспедицияның форматы:

 

–             Хан ордасы қалашығы, Жошы ордасы; Жошы хан мазары, Алаша хан, Аяққққамыр, Болған Ана, Белен Ана, Құлан Ана, Келінтам, Талмас Ата және т. б. бағыттар бойынша ескерткіштер мен қасиетті орындарға бару.

 

–             Ескерткіштерді қазіргі заманғы құралдармен бекіту (оның ішінде квадрокоптермен);

–             Әрбір тарихи ескерткіш бойынша жетекші маман – тарихшы және өлкетанушылармен шолу жасау.

–             Экспедицияның барысы мен нәтижелері туралы қысқа метражды фильм дайындау және шығару;

–             Алтын Орда дәуіріндегі киелі ескерткіштер туралы жол белгілерін, карталарды, буклеттерді әзірлеу;

–             «Экспедиция күнделігі» фотоальбомын әзірлеу және шығару;

–             Экспедицияның барысы мен нәтижелерін әлеуметтік желілер арқылы (блогерлер мен журналистер арқылы) көрсету.

 

Ғылыми-танымдық экспедицияға қатысушылар:

 

–             Тарихшы-ғалымдар

 

–             Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің, Жезді кентінің тау-кен және балқыту ісі музейінің, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері.

 

–             Қарағанды облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының қызметкерлері;

–             студенттер;

–             өлкетанушылар;

–             журналистермен блогерлер;

–             суретшілер;

–             географтар;

–             түсірілім тобы;

–             Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол полиция қызметкерлері мен дәрігерлер. (Топ құрамы – 30 адам)

 

 

              Алтын Орда тарихынан және сол дәуір ескерткіштерінен:

 

Алтын Орда Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың заманауи аумақтарында орналасқан. Алтын Орданың құрамына Жошы Ұлысының көп бөлігі (шығыс Дешті-Қыпшақ, яғни Қазақстанның дала аудандары Ертіс өзенінен батысқа қарай Еділ сағасына дейін), сондай-ақ – Батыс Сібір, Хорезм және Солтүстік Кавказ, Еділден батысқа аумаққа қарай, яғни Еділ Бұлғар, жері Қырым кірді. Ғылыми еңбектерде Жошы Ұлысы иелігін Алтын Орда деп көрсету жалпылама қабылданған. Алтын Орда кезінде экономикалық-сауда қатынастары, қала құрылысы мен сәулет өнері, қоғамдық-саяси институттар белсенді дамыды. Бұл үрдістермен Қазақстан аумағы қамтылды. 1269 жылы Талас құрылтайы нәтижелері бойынша Алтын Орда толық тәуелсіздігін алды және биыл осы Орданың құрылғанына 750 жыл толады.

 

Қазіргі Қазақстан аумағында Алтын Орда дәуірінің көптеген ескерткіштері бар. Әсіресе Орталық Қазақстан – Алтын Орда кезеңінің Алаша хан, Жошы хан, Болған-Ана, Жұбан-ана, Талмас-ата, Құтлық Темір (Аяққамыр) сияқты кесенелері, сондай-ақ көне елді мекендер – Басқамыр, Аяққамыр, Шотқара, Хан-Ордасы, Орда-Базар тектес археологиялық және сәулет ескерткіштері кездесетін аудандарының бірі.

 

2019 жыл Қазақстан Республикасында Жастар жылы болып жарияланды. «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев мынаны атап өтті: «Бүгінде біздің көптеген отандастарымызбен шетелдік жұртшылық елімізде Жошы хан кесенесінің бар екенін білмейді. Біздің борышымыз – ата-бабаларымыздың өсиеттеріне адал болу. Сондықтан біз Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы ханды еске алуға міндеттіміз. Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл үшін қажетті жұмыстар Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау аясында басталуы тиіс».

 

Қарағанды облысы, 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button