Жаңалық

Тарихи нысандарға тегін экскурсия

Жобаның мақсаты елорда аумағындағы тарихи жерлерді халыққа кеңінен насихаттап, танымал ету. Елордалықтар экскурсия кезінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген 7 және басқа да тарихи нысандарды тамашалап, олардың тарихымен кеңірек таныса алады.

Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, елорданың көне тарихи-мәдени жерлеріне арнайы экскурсия ұйымдастырып отыр. Экскурсияны әр сәрсенбі сайын кәсіби гидтер жүргізетін болады.Жобаның мақсаты елорда аумағындағы тарихи жерлерді халыққа кеңінен насихаттап, танымал ету. Елордалықтар экскурсия кезінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген 7 және басқа да тарихи нысандарды тамашалап, олардың тарихымен кеңірек таныса алады.

Атап айтқанда «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу мемориалды мұражай кешені, Көпес Василий Кубриннің үйі, «Кубрин және ұлдары» көпестер серіктестігінің сауда үйі, Көпес П. С. Силиннің тұрғын үйі, «Жасыл» мешітінің қоршауы, Бұрынғы мұсылман мектебі, Қалалық басқарма ғимараты, Гимназия (ХІХ ғ. аяғы) және т.б. тарихи ғимараттар бар.

Жоба ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында Қазақстанның қасиетті жерлері жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр.

Айта кету керек, экскурсияны арнайы дайындалған өлкетану мамандары жүргізеді. Оған қатысу үшін ұйымдастырушыларға алдын ала хабарласып, өтініш білдіру керек. Толық ақпаратты 7 701 569 5108, 7 747 251 0701 нөмірлері арқылы жоба ұйымдастырушыларынан білуге болады. Экскурсия әр сәрсенбі сайын сағат 10.00-де басталады. Жиналу орны: Отырар көшесі, 1 / 2 мекен-жайы бойынша орналасқан бұрынғы мұсылман мектебінің жанында.

Нұр-Сұлтан қаласы, 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button