Жаңалық

Қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: кітапхана жұмысын қазіргі кездегі жағдайға сай жетілдіру, мәдени мұраны сақтау және цифрландыру, кітапханалардың өлкетану саласындағы жобалық жұмыстары, кітапханаларда жастардың білім орталықтарын құру, кітапханалардың пайдаланушыларды тарту және кітап оқуды насихаттау жұмыстары, ақпараттық сауаттылық.

2019 жылдың 9-10 қазаны күндері Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы және Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Ұлы даланың жеті қыры»: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың жеті қыры» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның мақсатыЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында кітапхананың қазіргі кездегі қоғамның ақпараттық орталықтары және мәдени өмірінің орталықтары ретіндегі жұмыстарының мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер мен іс жүзіндегі тәжірибелерді жинақтап қорыту, үздік жетістіктерді көрсету, шешуін күткен мәселелерді анықтау және олардың шешу жолдарын іздестіру.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: кітапхана жұмысын қазіргі кездегі жағдайға сай жетілдіру, мәдени мұраны сақтау және цифрландыру, кітапханалардың өлкетану саласындағы жобалық жұмыстары, кітапханаларда жастардың білім орталықтарын құру, кітапханалардың пайдаланушыларды тарту және кітап оқуды насихаттау жұмыстары, ақпараттық сауаттылық.

Пленарлық отырыс 9 қазанда сағат 11.00 және 13.00 аралығында Облыстық орыс драма театрында өтті.

Отырысты Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов жүргізді. Пленарлық отырыстың жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Қонысбайұлы Жүндібаев, ғалым, журналист, тарихшы Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев (Алматы қ.), ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова (Алматы қ.), Қазақстан және Ресей Федерациясының облыстық кітапханаларының директорлары мен мамандары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, шығармашылық қауым, журналистер, кітапхана ісінің ардагерлері, ҮЕҰ өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Жұмыс күнінің екінші жартысында төрт бағыт бойынша: «Мәдени мұраны сақтау және цифрландыру – кітапхана жұмысының негізгі бағыттары», «Кітапханалардың әлеуметтік-мәдени жобалары. Кітапханалардың өлкетану саласындағы жобалық жұмыстары», «Өңірлік кітапханаларды жетілдіру негізінде жастардың жаңа нысандағы білім орталықтарын құру», «Кітапхана – тартылыс аумағы» секциялық отырыстар өтті.

Конференция аясында тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының алты дүркін лауреаты, Қазақстан Журналистер академиясының президенті, Әл-Фараби ат. Қазақ ҰУ журналистика факультетінің профессоры Қозыбаев Сағымбай Қабашұлының шығармашылық кеші өтті.

10 қазанда сағат 9.00 – 13.00 аралығында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылым кітапханасында ақпараттық сауаттылық, ақпараттық мәдениет, қарым-қатынас және әлеуметтік желіде жұмыс істеу мәселелері бойынша тренингтер өтті.

Қостанай облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button