Жаңалық

«Белгісіз Мәмбеев»

Суретшінің қылқаламынан шыққан туындылар Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де танымал. Оның «Тауда» атты туындысы Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнер мұражайында және «Киіз үй» туындысы Третьяков галереясының жеке жинағына енген. Оның салған суреттері шынайы бейнеленіп, көрермендерді өзіне баурап алады.

4 қазанда күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеевтің туындыларына ұйымдастырылған «Белгісіз Мәмбеев» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрмеге С. Мәмбеевтің шығармашылық жолындағы 70-ке жуық кескіндемелік туындысы қойылды.

Белгілі кескіндемеші Сабыр Әбдірәсілұлы – қазақ бейнелеу өнерінің мақтанышы. Небәрі 28 жасында Қазақ ССР Суретшілер одағының төрағасы болып сайланып, осы одақты 25 жыл басқарған

Сабыр Мәмбеев Алматыдағы Н. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген соң Ленинградтағы И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтынан білім алған.

Суретшінің қылқаламынан шыққан туындылар Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де танымал.

Оның «Тауда» атты туындысы Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнер мұражайында және «Киіз үй» туындысы Третьяков галереясының жеке жинағына енген.

Оның салған суреттері шынайы бейнеленіп, көрермендерді өзіне баурап алады.

Сонымен қатар Сабыр Мәмбеев – қоғам қайраткері. Осы кісінің басшылығымен облыс орталықтарында суретшілер мен мүсіншілерге арналған шеберханалар, музейлер мен көрме залдар ашылды.

Қазақстанның алты қаласында Суретшілер үйі салынды.

Сонымет қатар Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ашылуына белсене қатысты.

Өнер жолында абыройлы болды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан халық суретшісі атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Халықтар достығы» және «Парасат» орденімен марапатталған.

 

Басқа материалдар

Back to top button