Мақала

Жошы ұлысы және Сарайшық

Атырауда «Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

10 қазанда Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Атырау өңірлік              «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, А.Яссауи атындағы ХҚТУ Евразия ғылыми-зерттеу институты бірлесе «Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын мерекелеу іс-шаралары аясында өткізілген конференция алтын ордалық кезеңнің жарқын ескерткіші – Сарайшық қаласы орнының туристік мүмкіндіктерін саралап, ғылыми-зерттеушілік ізденістерді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Конференцияға Қытай, Түркия, Германия, Ресей елдерінен және Қазақстанның әр өңірінен Алтын Орда кезеңін зерттеуші ғалымдар қатысты. Конференция модераторы – «Сарайшық» музей-қорығының директоры, т.ғ.д. Ә.Мұқтар.

 

Шараның ашылуында Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан тарихшылары атынан ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Хангелді Әбжанов, шетелдік ғалымдар атынан Түркия Республикасынан келген Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, PhD докторы Суат Бейлур құттықтау сөз арнады.

 

Конференцияның алқалық мәжілісінде т.ғ.д. Али Риза Яглы (Гиресун университеті, Түркия Республикасы), т.ғ.д. Әбділәшім Дүйсенәлі (Орталық Ұлттар университеті Пекин, Қытай Халық Республикасы), з.ғ.к. Роман Почекаев (Ұлттық зерттеу университетінің экономика жоғарғы мектебі, Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы), т.ғ.д. Нұрлан Кенжеахмет (Бонн университеті, Германия), PhD докторы Абдулла Гюндоғды (Анкара университеті, Түркия Республикасы), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінен т.ғ.к. Амантай Исин, ҚазҰАУ-дың профессоры, т.ғ.к. Нұрлан Атығаев, профессор Әбілсейіт Мұқтар баяндама жасады. Сонымен қатар, «Жошы Ұлысының деректану, тарихнама, археология және нумизматикалық мәселелері», «Жошы Ұлысының тарихы мен мәдениеті», «Ұлы Дала өркениеті және мемлекеттілігі» секциялары бойынша конференцияға ұсынылған баяндамалар талқыланды. Конференцияға баяндамамен қатысқан зерттеушілерге сертификаттар табыс етіліп, сыйлықтар берілді.

 

Атырау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button