Мақала

Daraboz 2019

Атырау облысында өткен 51 шақырымдық аламан бәйгеде қызылордалық сәйгүлік жеңіске жетті.

Атырауда V республикалық «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» бәйгесінде ағылшын-араб тұқымдас «Қоянқасқа» мәре сызығын бірінші болып кесті.

 

Турнирге Қазақстанның 12 облысынан келген 40 үздік ат мен шабандоз қатысты. Турнир аясында 7, 12, 25 және 51 шақырымдық қашықтықта төрт айналым өткізілді.

 

Бәйгенің 10 миллион теңгелік бас жүлдесін шабандоз Ғалымнұр Ноғайбек, жаттықтырушы Қуат Абсалямов және ат иесі – Бердібек Мыханов иеленді.

 

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтарды «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов табыс етті.

 

«Бұған дейін, «Алтын тұлпар» турнирінде оза шауып, жеңіске жеткен 4 жүлдегер де қазақстандық тұқымнан шыққан жылқылар еді. Ал, бұл жолы жеңіс пен жүлдегерлер тек «шетелдік» арғымақтар болды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймын», – деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов.

 

 

Атырау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button