Мақала

«Менің кіші Отаным»

«Менің кіші Отаным»

Сайыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойында өзінің кіші Отаны – туған ауылына, өскен өңіріне, мақтаныш сезімін және тарихи танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Оқушылар сарайында «Менің кіші Отаным» тақырыбында жас тарихшылардың қалалық зияткерлік сайысы өтті.

 

 Сайыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойында өзінің кіші Отаны – туған ауылына, өскен өңіріне, мақтаныш сезімін және тарихи танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

 

Шараға Алматы қаласының сегіз ауданынан жеңіп шыққан 9-сыныптың 4 оқушысынан тұратын 8 команда қатысты.

 

Сайыстың I күнінде барлық қатысушылар Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасы бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы дайындаған тест тапсырмаларын орындады. II күнінде команданың әрбір мүшесі жеке номинация бойынша өз жобасын қорғады.

 

Оқушылардың жұмысын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.С. Жұмағұлов бастаған профессор-оқытушыларынан тұратын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Барлық сайыскерлер жетекшілерімен бірге, бірі-бірінің дайындаған жобаларымен танысып, қорғау барысын тыңдап, сұрақтар қойып, өзінің дайындығын салыстыра бағалауға мүмкіндік алды.

 

Сайыс соңында, «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша №175 гимназияның оқушылары Мадалиева Жанерке, Есімжанова Амина «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша №12 мамандырылған гимназия оқушысы Нұрғалиев Қобыланды, және «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша №62 гимназияның оқушысы Әділет Айгерім жеңімпаз атанып қараша айында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.

 

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button