Жаңалық

Өтінім қабылдау уақыты ұзартылды

Елімізде 2017 жылдан бастау алған «100 жаңа есім» жобасының биылғы маусымына өтінім қабылдау 1 қазан күні басталған болатын. Бүгінде 100janaesim.ruh.kz сайтына көптеген өтінім хаттар түсіп үлгерді. Бұл қазақстандықтардың арасында белсенді, қоғам үшін пайдалы қызмет атқарып жүрген азаматтардың көптігін көрсетеді. Спорт, ғылым, қоғам, мәдениет, бизнес, медицина салалары бойынша өтінім хат жіберген 39 жасқа дейінгі жастардың көптігі қуантарлық жағдай.

Аталмыш жобаның үшінші маусымына өтінім қабылдау уақыты 20 қазанға дейін еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей өтінім жіберушілер санының көптігіне байланысты, көпшілік жіберген сұраныс хаттарға байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мақұлдауымен өтінім жолдау мерзімі 1 қарашаға дейін созылды.

«Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев:

«Қымбатты достар!

Өздеріңіз білетіндей, елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 3-ші кезеңі өтуде. Қазақстанның әр бөлігінен үміткерлердің өтінімдерін қабылдау белсенді жүргізіліп жатыр. Жобаның ұйымдастырушы тобы әр аймақтан кейіпкерлерді іздейді», – деп айтқанындай, егер өзіңізді немесе жақындарыңызды «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға лайық деп есептесеңіз, онда асығыңыз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button