Жаңалық

Ақтөбе облыстық өнер музейі қорынан жабдықталған «Ақ төбедегі қала» көрмесі

Көрменің негізгі бағыты – Нүкіс өнер сүйер қауымына Ақтөбелік, жалпы қазақ суретшілерінің туындыларын таныстыру, өнерді насихаттау, екі мемлекет суретшілерінің шығармашылық байланысын нығайту, тәжірибе алмасу болып табылады.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы, «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Өзбекстанда Қазақстан жылы шеңберінде 2019 жылдың 27 қазанында Қарақалпақстан Республикасы И.В.Савицкий атындағы мемлекеттік көркем-өнер музейінде Ақтөбе облыстық өнер музейі қорынан жабдықталған «Ақ төбедегі қала» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті. Салтанатты ашылуында Қарақалпақстан Республикасының Мәдениет Министрінің орынбасары​ Ниетуллаев Асан Хожабаевич және​ И.В.Савицкий атындағы мемлекеттік көркем-өнер музейінің​ директоры Гульбахар Жолдыбаевна сөз сөйледі. Сондай-ақ көрмені Қазақ диаспорасының төрағасы Жанжайхан Дәрменов, Қарақалпақстан Республикасының Халық суретшісі, Өзбекстан Көркем-өнер Академиясының академигі Байбосинов Сарсенбай Базарбаевич, Нүкіс қаласының суретшілері, тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады.

Көрменің негізгі бағыты – Нүкіс өнер сүйер қауымына Ақтөбелік, жалпы қазақ суретшілерінің туындыларын таныстыру, өнерді насихаттау, екі мемлекет суретшілерінің шығармашылық байланысын нығайту, тәжірибе алмасу болып табылады.
Көрмеге 24 суретшінің 70-ке жуық тақырыбы мен сюжеті жағынан алуан түрлі, туған жердің пейзажы, натюрморттар, графика, портреттер ұсынылды. Суретшілердің кейбір туындыларында ерте және осы тарихи кезеңдер, қазақ тарихы, мәдениеті, батырлар өмірін көрсек, кейбір жұмыстарында сүйікті Ақтөбе қаласына деген қошеметті көруге болады.
Картиналардың авторлары қазақстанға танымал, сан алуан көзқарастарымен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы ойын таба білген суретшілер. Көрмеде Бекеев Марат, Сембигали Смагулов, Верещагин Алексей, Есенгулов Жәнібек, Габдрахманов Марат, Ирина Курманалина, Еспаев Айдар, Беликова Ллилия, Матураимов Жырғал, Е.Палымбетов, Абзалов Есдаулет сынды суретшілердің жұмыстары болды.

Ақтөбе облысы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі


Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button