Жаңалық

Шетелдік фестивальден жүлделі оралған қазақ ертегісі

10-нан астам өнер ұжымы қатысқан Халықаралық фестивальде жалғыз қазақстандық ұжым – «Алақай» театры болды. Бұл ұлы даланың аңыз-ертегілеріне әлемнің ынтызары ерекше екеніне көз жетгізеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты арнайы жобасы жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді. Ол туралы Елбасы: «Еліміздің мәдениетін жетілдіру қазір әлемде болып жатқан жаһандық процестерге байланысты әлемдік мәдениетте өз орнын айқындау және таныту болып табылады. Әлемде өзімізді мәдени жетістіктерімізбен таныту арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті ел екендігімізді дәлелдейміз», – деді.

Осы бағыттағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры қазан айының 19-26 аралығында Коми Республикасы, Сыктывкар қаласында өткен IV Халықаралық «В гостях у Мойдыся» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысты. Театр фестивальге С.Балыковтың қазақтың халық ертегісі «Сырттандар» бойынша қойылған «Тізгініңді босат та, құстай самға» спектаклін апарған еді.

Бұл спектакль мифтік ертегідегі бастапқы архитипті, адам жанының өз қорқынышын жеңудегі текетіресін көрсеткен режиссерлік жұмыс. Өткен заманнан бізге жеткен аңыз бойынша жас бала беймәлім дүлей күштермен текетіресіп, бойындағы үрейді, кез болған қарсылықты қалай жеңгені баяндалады.

Ертегіге негізделген бұл спектакль әділ қазылар алқасы тарапынан жақсы бағаланып, «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясымен марапатталды. Және осы спектакльдегі баланың рөлі үшін театр актрисасы Әлия Салитова «Қазылар алқасының арнайы жүлдесіне» ие болды.

10-нан астам өнер ұжымы қатысқан Халықаралық фестивальде жалғыз қазақстандық ұжым – «Алақай» театры болды. Бұл ұлы даланың аңыз-ертегілеріне әлемнің ынтызары ерекше екеніне көз жетгізеді.

Негізі 1985 жылы қаланған «Алақай» қуыршақ театрының репертуарында осы күнге дейін 75-тен астам спектакль болды. Әр жыл сайын театр қоржыны жаңа екі спектакльмен толығып отырады. Театр Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Болгария, Греция, Түркия, Хакасия, Тәжікстан, Сербия, Қырғызстан, Хорватия секілді мемлекеттерде өткен халықаралық фестивальдердің лауреаты, дипломанты. 2007 жылы «Кәсіби мүмкіндігі жоғары театр» атағын иеленсе, 2008 жылы ТМД елдерінің ең таңдаулы «XXI ғасыр театры» деп бағаланды.

Ақтөбе облысты,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button