Жаңалық

Челлендж ұйымдастырылуда

«Тілдарын» республикалық олимпиадасы аясында Абай шығармаларын насихаттауға бағытталған әлеуметтік желілерде шақыру тастау (челлендж) конкурсын ұйымдастыру ережесі

1. Ережелер «Тілдарын» республикалық олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) аясында Абай шығармаларын насихаттауға бағытталған әлеуметтік желілерде шақыру тастау (челлендж) ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2. Челлендж өткізу мақсаты:

1) Абай Құнанбаевтың шығармаларын қоғамда кеңінен насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, тәрбиелікке, білім алуға, көркем мінезділікке тәрбиелеу;

2) дарынды жастардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Абай шығармаларын жатқа оқу арқылы Абай шығармаларының ұлт пен тіл таңдаймайтын құндылықтарын мүмкіндігінше көбірек қоғамның әр мүшесіне жеткізу.

3. Конкурс Олимпиадаға қатысатын үміткердің әлеуметтік желідегі тіркелген парақшалары арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Абай шығармаларын оқу арқылы өтеді.

4. Конкурс екі кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезеңі – облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, олимпиадаға қатысушының өз туған жерінде 2019 жылдың 7 қазанынан бастап 5 қарашасына дейін өткізіледі,

2) Екінші кезең – қорытынды кезең, 2019 жылғы 5 қараша күні сағат 19.00-де Шымкент қаласында өткізіледі.

5. Конкурсқатек қана «Тілдарын» республикалық олимпиадасына қатысатын үміткерлер ғана қатыса алады.

Челленджді өткізудің тәртібі

6. Челленджді «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы» КеАҚ ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Челленджді өткізу туралы хабарландыру 2019 жылдың 7 қазанында Олимпиадаға қатысушылар қосылған WatsApp тобында жарияланады.

8. Челлендж қорытындысы бойынша хаттама әзірленеді.

Қорытынды ережелер

9. Челлендждің қорытындысын сараптау үшін қазылар алқасықұрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Челлендждің жеңімпазы конкурсқа қатысушының әлеуметтік желідегі (facebook, Instagram, vk желілерінің біреуінде ғана) парақшасындағы посттықима (скрин) жасап, қаралым санына көз жеткізумен анықталады.

Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.

10. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

– парақшадағы бейнебаянды көрушілер саны.

11. Челлендж жеңімпазы арнайы дипломмен және бекітілген сыйлықпен марапатталады.

12. Челлендж жеңімпазы туралы ақпарат Олимпиада біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылады.

010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы» КеАҚ

Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71-38, 8775-818-27-72 Біржан Ұзақбай

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button